Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум
02
ноябрь
2022

Ата-аналарға арналған оқыту семинар-практикум

Күзгі демалыс уақытында отбасылық кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп кітапханашысы Г.Оразбаева 02.11.2022ж. «Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады?», «Оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері», «Ата-аналарға көмек», «Ата-аналарға арналған оқыту» тақырыптарында ата-аналар арасында семинар-практикум өткізді. Семинар барысында кітапханашы Г.Оразбаева бүгінгі таңда кітаптың орнын теледидар, телефон, компьютерлік ойындар басып жатқанын басты назарға ала отырып, ата-аналарға баланың жұмыс істейтін үстелі қолайлы болуын, жұмыс үстелінде баланың көңілін алдандыратын артық зат болмауы қажеттігін, балаға қолайлы бұрыш жасап беру қажеттігін және ол жер кітап, қалам, қарындаштарын қоюға келетіндей кең болуы, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн екендігі туралы кеңестер беріп, балада қағаз, дәптер және жазба жабдықтары жеткілікті болуына көп көңіл бөлу керегін атап өтті. Сонымен қатар, кітап оқу барысында ересектерге теледидарды қосуға болмайды деген қағиданы ұстануын, теледидар баланың сабақ оқуына кедергі келтіретініне мысал келтіріп, кешкі ас пен түстік бір уақытта болса балада нақты бағдар қалыптасатынын, ол барлық сабақты кешкі асқа дейін немесе кешкі астан кейін орындайтын дағдыға ие болатынын, сондай-ақ балаға дем беру үшін үй жұмысының әр бөлігін орындаған сайын баланы қолдап отыруды ұмытпау керектігін ескертті. Адам ақпараттың 20%- ын көзімен, 70%-ын оқу арқылы қабылдайтынын алға тартып, балаға тек үй тапсырмаларын орындау білімділікті қамтамасыз етпейтіндігін түсіндірулеріне шақырды. «Үштік одақ» әдісі аясында «Мектеп-ата-ана-бала» болып жан-жақты бірігіп балаларға кітап оқытуды қолға алуды, кітап жақсылыққа, әділдікке үйрететінін, айналадағы дүниенің әсемдігін ашып, өмірге деген сүйіспеншілікке, білім қуанышына баулитынын түсіндірді. 


https://www.instagram.com/p/CkabOpUr4Fn/?igshid=YmMyMTA2M2Y%3D

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив