Жалпы ата-аналар жиналысы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы ата-аналар жиналысы
07
ноябрь
2022

Жалпы ата-аналар жиналысы

Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту мақсатында 07.10.2022ж. мектеп мәжіліс залында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында мектеп директоры Р.Темербеков ата-аналарға мектеп ережесі мен тәртібіне тоқталып, келеңсіз жағдайлардың белең алуына төтеп беру әрекеттерін түсіндірді.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Самылтырова оқушылардың оқу үлгерімі жөнінде хабардар етсе, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Искакова мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі туралы сөз өрбітті. Мектеп психологтары Ә.Шағамбаева және Р.Қалқабаева ата-ананың бала өміріндегі орны және жауапкершілігі, балалар қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жайында бейнероликтер мен слайдтар көрсетіп, «Сиқырлы қалпақ», «Қызықты сұрақтар» әдістері арқылы тренинг өткізді және сұрақ - жауап  ретінде пікір таласты. Мектеп медбикесі А.Бағашарова заманауи дерт – синтетикалық есірткі жайында ата-аналарға мағлұматтар беріп, балаларының есірткіден аулақ болуына шақырды. 

Сонымен қатар, балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі, мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлі, алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы мәселелері қарастырылып, тәрбиеге қатысты ұсыныстары талқыланды.

 


https://www.instagram.com/p/CjaYRlbNUtU/

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив