Оқу мекемесінің ТӨЛҚҰЖАТЫ » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу мекемесінің ТӨЛҚҰЖАТЫ
04
октябрь
2021

Оқу мекемесінің ТӨЛҚҰЖАТЫ

«Жетісу облысы білім басқармасының  Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» «Байысов атындағы орта мектебі  мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



      Матай Байысов

(1903 - 1943)

         Матай Байысов  Талдықорған ауданындағы  Шымыр  ауылында   кедей-шаруаның отбасында дүниеге келген.

1922 – 1926 жылдары Ескелді болысында бастауыш мектепте оқиды. Мұнан кейін екі жыл осында қатардағы жұмысшы болып еңбек етеді. 1927 жылдан 1932 жылдар аралығында аудандық комсомол комитетінің хатшысы болады. 1932 жылы «Батырақ» ұжымдық шаруашылығының басқарма төрағасы болып сайланады.

1934 жылы Қоғалы (кейін Гвардия) ауданындағы «Бас көпір» ұжымдық шаруашылығын  басқаруға жіберіледі. Мұнда екі жыл табысты еңбек етеді. 1936 жылы Қарғалы шұға комбинатының директоры қызметіне тайғайындалады. Жұмыс істей жүріп білімін де толықтыра түседі. 1940 жылы бір жылдық ауылшаруашылығы курсын тамамдайды. Осы жылы №3 Талдықорған машина-трактор станциясының (МТС) директорлығына тағайындалады.

1942 жылдың 11 қазанында Талдықорған аудандық әскери комиссариатынан Совет Армиясы қатарына шақырылады. 136 атқыштар дивизиясының бөлімшесі бөлімшесі құрамында соғысады. 1943 жылы М.Байысов құрамында қызмет еткен  батальон   Днепр өзені арқылы өтуге талпыныс жасап, қанды шайқаспен жаумен арпалысқа түседі. Осы кезде М.Байысов өз өмірін тәуекелге тігіп, жауынгерлер мен әскери техникаларды аман-есен жағаға шығаруға бар күшін салды. Төрт сағат бойы жауды тықсырып тойтара соққы берді. Алаңды босатпай ұстап тұрды. Қырықтан астам фашистті жойып жіберді. Сөйтіп батальон алға қойған міндетті ойдағыдай орындар, өзеннен өтуге қолайлы жағдай туғызды.

Келесі күні дивизия қолбасшысы батальонға жол торабын иемденіп, жау тылына қарай ішке еніп, соғыс операциясын ары қарай жалғастыруға тапсырма  берді. Бұл жолы М.Байысов дұшпанның  қанаттағы шабуылын кесіп тастап, 10 фашисттің көзін жойды. Атқыштар тобының командирі мен пулемет көздеушісі саптан шыққанда М.Байысов станокты пулеметтің толассыз жұмыс атқаруын жалғыз өзі қамтамасыз етіп тұрды.

Қазақ халқының даңқты ұлы 1943 жылдың 11 қарашасында Киев облысының Обходин ауданындағы Черняхов селосы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапты. Оған өлгеннен кейін КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол әскери ерліктері үшін Богдан Хмельницкий, Суворов, Кутузов ордендерімен және Отанымыздың он бірдей мадальдарымен марапатталған.

Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов ісі мен ойлаған ойы оның еңбек етіп, өмір сүрген жерінде жалғасын табуда. Алдабергенов ауылындағы орта мектепте, көшеге батырдың есімі берілген. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов  атындағы мұражайда М.Байысовтың ерлігі туралы мәліметтер жазылып қойылған. Мектеп пен шаруашылықтың «Батырлар аллеясында» батырдың бюсті бар. Жергілікті жазушы Мұқамеджан Мырзақұлов «Матай Байысов» атты повесть жазды.

Матай Байысов болған Обходин ауданының Черняхов селосындағы селолық мектепте батыр туралы әсери даңқ бұрышы құрылған. Мектеп оқушылары бостандық үшін құрбан болған батырдың бейітін күтімге алып, оның есімі мен рухын  ардақтап, еске түсіріп құрметтейді. Олар М.Байысов атындағы орта мектептің оқушыларымен, батырдың отбасымен хат алысып тұрады.

Матай Байысовтың отбасы Алдабергенов ауылында тұрады. Жан жары Ұлбала екеуінен қалған ұлын өсіріп, бүкіл өмір бойы шаруашылықта қызылшашы болып еңбек етті. Қазір құрметті демалысқа шығып, зейнеткерлер қатарына қосылған. Батырдың немерелері де өмірден өз орындарын тапқан. 


Мекеме тарихы


Қазақ елі жерінде тұңғыш мектептер парасатты, әм уақытты қолдау-демеушімен ашылып, жаз киіз үйде, қыс қыстауда оқыған екен.

Ауылдың көне көз ақсақалдарымен ой бөліскенде Шұбар ауылы өңірінде атақты байлар Хангелді, Аман және Амандос Жөнкебаевтар өздерінің балаларын сауаты аз адам Айдархан Қалменов деген молданы жалдап арабша жазып оқуға үйреткенін айта кету керек. Оның мақсаты арабша хат тану, құран парызының негізгі талаптарымен таныстыру болды. Осылай басталған өмірдің ең өзекті талабы жастарға білім беру замана көшімен, ұлғая жылжи берген екен. Бұл қозғалысты мойындаған, әрі халық қолдауынан сескенген патша үкіметі 1870 жылы қазақ жерінде болыс сайын ауылдық мектептер ашып, олар халық ағарту-министрлігінің бақылауына берілсін деген хат жариялапты.

  Патша үкіметінің осы Жарлығы жалғасын тауып, 1887 жылы Жетісу өңірінде уездік Қапал қалашығында «Екі жылдық Қапал ауылшаруашылық мектебінің» ірге тасы қаланған екен. Осы аталмыш мектеп 1907 жылы уездік Қапал қалашығынан қазіргі «Жастар» деп аталатын елдімекенге көшіріліп, «Екі жылдық Шұбар ауылшаруашылық мектебі» болып қоныс тебеді. Кейіннен яғни, 1909 жылы бұл мектеп жабылып, Шұбар ауылына көшіріледі де, «Екі сыныптық Шұбар ауылдық мектебі» болып ашылады. Сол жылдары мектеп көшпелі халықтың тұрмыс жағдайына икемделген киіз үйге орналасып, байлар мен ауқатты адамдардың балалары оқиды. Қаражаттың тапшылығынан кедей-шаруалардың балалары оқи алмайды.

    Кеңес өкіметінің алғашқы жолдарынан бастап-ақ халық ағарту ісі кезек күттірмейтін басты мәселелер қатарында күн тәртібіне қойылды.

    1918 жылы 16 қазанда РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің қабылдаған екі тарихи құжаттарында «РСФСР-дің бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» мен «Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері» туралы қаулыларында мектептердің оқу программаларын жасау, сынып-сабақ жүйесін нығайту міндеттері қойылды.

    1920 жылы Шұбар ауылдық екі жылдық мектебі, 4 жылдық кедей-шаруа балаларының мектебі (ШКМ-школа коммунистической молодежи) болып қайта ұйымдастырылды. Оқушылар құрамы жағынан кішігірім бұл мектеп шырша бөренелерінен құрастырылған жатаған ағаш үйлерде, қазіргі спорт алаңы тұрған жерге орналасты. Сол кездегі мектепте, мектеп жабдықтары, оқу құралдары, оқу жоспары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ.

Мектеп құрамында 60 оқушыға 3 мұғалім: Әбдіғалым Жұматаев, Асқар және оның жұбайы Әсия Сұхановалар дәріс берді. Мектептің алғашқы меңгерушісі болып Бітебаев Оспан тағайындалды. Мектеп әкімшілігі қызметінде Бітебаев Оспан ағай 1939 жылға, яғни өмірінің соңына дейін білімі мен күш қайратын аямай, мектепті қайта құру, оны нығайту жолында кіршіксіз жұмыс атқарды.

1924 жылы бұрынғы мектеп үйіне жалғастыра саманнан 6 бөлмеден тұратын қосымша мектеп үйі салынып іске қосылады. Осы жылдары мектеп өз қабырғаларынан алғашқы түлектерін ұшырады.

    1925 жылы сауатсыздықты жоюдың Бүкілодақтық төтенше коммисиясының төрағасы М.И. Калинин Кеңес өкіметі халқына үндеу жолдайды. Осы үндеудің шақыруы бойынша ауыл мұғалімдері мен мектептің алғашқы түлектері: Әшімқұл Бесшоқпаров, Шәріп Сәрсенбинов, Бекшора Дүйсенбеков, Иманәлі Жандосов, Жексенбай Сенбінов, Матай Байысов, Төлеген Нұрланов, Рахымбай Иманәлінов, Сәпи Шаймерденов, Трап Андаспаев, Ақболат Мырзабековтер ауыл және аудан тұрғындарының сауатын ашу науқанына белсенді түрде араласады. Мұғалімдер күндіз бала оқытса, кешке ересек адамдардың сауатын ашу жұмыстарымен айналысады.

      БКП (б) 16-съезінің шешімі бойынша 1930-1933 жылдарда ҚСРО-дағы барлық халықтар үшін ауылдық жерлерде төрт жылдық, қалада 7 жылдық білім беру міндеті енгізілді. Осы қаулыны орындау мақсатымен уездік, аудандық бюджеттерден бөлінген қаржының үстіне мектеп құрылыстары мен оны жабдықтау үшін көптеген мөлшерде қосымша қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде, қазіргі ауылдық емхана тұрған жерде 240 орындық мектеп үйі салынып, 1935 жылы пайдалануға беріледі. Сол жылы Шұбар төрт жылдық мектебі жеті-жылдық орталау мектеп болып қайтадан ұйымдастырылады. Мектеп директоры Бітебаев Оспан, оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып Әсия Сұханова, Төлеген Нұрланов тағайындалады.

        Алдабергенов (Шұбар) ауылы - өзінің жағрапиялық жағдайына орай қауырт тез өскен елді-мекен. Мектеп жанында жетім жартылай жетімек балалар үшін 140 төсек орынға арналған пансионат-интернат жатаханасы, асхана, қоймалар салынып, 1935-1936 оқу жылына беріледі де Алматыдан жетім балалар үйі көшіріліп әкелінеді.

    Алматыдан келген ұл мен қыздардың ішінде бұгінде аты мәшhүр, халқымыздың даңқты қызы Патшайым Тәжібаева да болған екен.

«Интернатта оқып жүр, талай қазақ баласы» - деп, Абай атамыз айтқандай мектебіміздің жанындағы пансион-интернат талай-талай боздаққа пана бола білді. Бұл пансион-интернатта еліміздің тұс-тұсынан білімге сусаған әр ұлттың ұл мен қыздары келіп жатып оқыды. Пансион-интернатқа қабылданған балаларға тамақ, киім, жататын орын тегін беріліп, мемлекет қарамағында болды. Пәтер үй жалдап тұрып оқығандарда аз болған жоқ.

    1936-1937 оқу жылында жеті жылдық орталау мектеп толыққанды орта мектепке айналды. Сол жылы бір орамды жалғыз алып жатқан қабатты типтік мектеп үйінде оның жанындағы пансион-интернатта жатып оқитын 120 балаларды қосқанда барлығы екі кезекте 320 оқушы оқыған екен. Оқушылардың көбі ауыл-ауылдан келгендер, оларға 18 мұғалім сабақ беріпті. Бір қызығы – шәкірттер әртүрлі жаста, ересек те, жас та болып, үлкені, кішісі   аралас отырып дәріс алыпты.

    1938-1939 оқу жылдарында мектебімізді алғаш рет 14 оқушы бітіріп, қолдарына кәмілеттік аттестат алады. Олар: Патшайым Тәжібаева, Қазтай Едігенов, Талқанбай Сәпиев, Қаймолда Бабашев, Тәңірберген Әлімбаев, Ақбай Тұрланбеков, Ізбасар Шағыров, Мәмекей Бисапанов, Қылышбай Байғожин, Дәулет Алшынбаев, Қарға Серғазінов, Қайдош Болсанбеков, Төре Дауренбеков және Шолпанқұл Ахметченовтер.

1940-1941 оқу жылдары орта мектепті бітірушілер болған жоқ.

1942-1943 оқу жылында мектебіміз 10 оқушыға орта білім жөнінде кәмілеттік аттестат берді. Олар: Сейдахмет Нысанбаев, Шаймуханбет Сапиев, Әбілқасым Сасықов, Ешмұханбет Намысбаев, Қасым Қазанғапов, Ахметкүл Рысқұлов, Мырзакерім Әділбаев, Зейнеп Ахметова, Досымбек Андасбаев, Ізтай Бояуовалар. Солардың арасында Шаймұханбет Сәпиев, Мырзакерім Әділбаев мектепті үздік бағамен бітірді.

    Әдетте ұстаз еңбегі оның оқытқан шәкірттерінің өнер-білім биігіндегі табыстарымен бағаланады ғой. Біздің мектеп түлектері арасынан ғалымда, ақын-жазушы да, дәрігерлер де, ұстаздар да, әртіс пен спорт жұлдыздары да, ауыл шаруашылығы саласының мамандары да, ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, ірі-ірі табысқа жеткен адамдар көптеп саналады. Олар: Қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш геология-минералогия ғылымдарының докторы – академик Патшайым Тәжібаева, биология ғылымының докторы, елуінші жылдары Қазақ ССР-і ет және сүт өнеркәсібінің министірі болған Қазтай Едігенов, физика математика ғылымдарының докторлары: профессор Құлжабай Қасымов, профессор Шәмші Сарсенбинов, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің проректоры, профессор Рақымжан Наурызбаев, ұстаз-ақын, Ваймердағы (Германия) халықаралық Гете қоғамының мүшесі, профессор Медеубай Құрманов, көп жылдар Қазақ ССР-і ішкі істер министрі болған, заң ғылымдарының докторы Мақан Есболатов, Д.А. Қонаев атындағы университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Қопабаев, медицина ғылымдарының кандидаттары: Құлтай Жақыпбаев, партия-совет қызметкерлері: экономика ғылымдарының кандидаты, Еңбек Ері Шаймуханбет Сапиев, Кеңес Жандыбаев, Ораз Құлмағамбетов, Стахан Қожахметов. Көп жылдар бойы Қазақ ССР-і Мәдениет министірі болған Жексенбек Еркінбеков, қазақтың Жамбыл атындағы филармонияның директоры Әуденбай Дауытбаев, Қазақ ССР-і халық әртісі Сара Тыныштығұлова, қобызшы Нұрахмет Жорабеков, жазушылар: Мәткерім Акімжанов, Ырым Кененбаев, Ұзақбай Доспанбетов, дәрігерлер: Кәмила Исаева, Бижамал Құлбекова, Біржан Меңісов, Күлән Алдабергенова, Қабытай Жақыпбаев, Ақбөбе Меңісова, заң қызметкерлері: Дәулет Алшынбаев, Мырзакерім Әділбаев, Алдоңғар Бекішев, Виктор Чен-Фин-Мин, қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері; Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісінің кеңесшісі, генерал-майор Сабыр Имандосов, осы саладағы подполковниктер: Костенко Оқашев, Кәрім Жексенбиев, Төлеген Елеусізұлы, Нұрахмет Сейсекбаев, еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздық қызметте жүрген мектебіміздің әр жылдардағы түлектері: Байқау Бабаев, Нұрманбет Әділбеков, Шақпақ Власов, Жарқынай Борашева, Сағи Жүнүсов, Раиса Ғалымова, Өмірзақ Доспанбетов, Жебеген Манасов, Көбеген Мүсәпіров, Рахметдолла Иманәлінов, Ботагөз Ниетжанова, Кәмшәт Шомақова, Абдрахман Мұсағалиев, Мәуленбай Сембаев, Құралай Әсімжанова, Болған Жолбаев; Ауыл шаруашылық мамандары: Қабдолда Меңісов, Жексенбай Жетпісбаев, Жанабек Шатырбеков, Жамалбай Жолбаев, Ермұхан Сырлыбаев, Әбдуали Арғынбаев, Керімбек Байделденов, Рахымбек Иманәлінов, Гүлжахан Садыбаева, Дәкен Қазанғапов, Болат Абдрахманов, Раиса Әбдіханова, Алтын Нысанбаева.

    Тілші-журналистер: Жәйірбек Қаспақов, Әбдіқадыр Алашбаев, Республикалық «Хабар» агенттігінің тілшісі Роза Темірғалиева.

Спорттың әр түрлерінен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері: Құлтай Жақыпбаев, Еңсебек Иманғалиев, Сақан Елубаев.

Еліне еңбегі сіңіп бүгінгі көпшілік құрметіне бөленген әр жылдардағы мектебіміздің түлектері: Еңбек Ері Дубек Батырбаев,   Қазақ ССР мал шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкер, ЛКСМ-нің ІХ съезіне, ВЛКСМ-нің ХІҮ съезінің депутаты болған, Ленин орденінің иегері, Н.Алдабергенов атындағы мұражайдың төрайымы Шайбала Тергеуова, ұжымшар шаруашылығының әр саласында жауапты қызметтер атқарған және бүгінде атқарып жүрген ауылдастарымыз Отай Сүлейменов, Дубек Шағанбаев, Дәулет Имандосов, Балғали Ізтілеуов, талай жыл ұжымшарымыздың есепшісі қызметін атқарған Бекберген Құлбеков, есепшілер Раушан Жоламанова, Зинагүл Жексенбиева, Сәруәр Әбдіханова, Гүлжан Мұхамеджанова, Жанатай Айтқожанова, Байтұлақ Құлбаев, Раушан Намысбаева, Жамбы Аязбаева, Керімбай Жанатов, Ердолда Есболатов, Болат Дайыров, Нұрмұхан Тастанов, Молдасбай Андасбаев, Қазақ ССР-і Жоғары Кеңесінің халық депутаты болған бірнеше ордендер мен медальдардың иегері Қазақстан Агроөнеркәсібі Одағының төрағасы, ұжымшарымыздың төрағасы Көшкінбай Жанатұлы, оның орынбасары, облыстық маслихаттың бірнеше дүркін депутаты Төлеген Мүсәпіров сынды ауыл азаматтарының еңбек жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге деуге болады.

     1982 жылы ауылымызда өз алдына жоспарлы түрде жеті жылдық «Балалар музыка мектебі» ашылды. Бұл аталған музыка мектебін     1986 жылға дейін Мұсапірова Айман Имаханқызы, 1987 жылы Маржатов Тоқан, ал 1988-1998 жылдары аралығында Қалиева Гүлнәр Бидахметқызы басқарды. Қалиева Гүлнар Бидахметқызы Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыка училищесін бітірген білімді, білікті маман, іскер басшы. Алдабергенов ауылына алғаш келгеннен-ақ аудан, облыс көлемінде танымал болды.  Ауыл балаларының көбі музыкалық аспаптарды меңгеріп, білімдерін ары қарай жоғарғы оқу орындарында жалғастырды, қазіргі уақытта Қазақстанның көптеген қалаларында еңбек етуде.


МЕКТЕП ШЕЖІРЕСІ


       Мектеп ашылған кезеңнен бергі уақытта басшылық жасаған ұстаздар:


1. 1909-1920жж. Шұбар ауылдық екі жылдық мектебі

2. 1920-1939жж. Бітебаев Оспан

3. 1939-1943жж. Нұрланов Төлеген

4. 1943-1944жж. Бақбергенов Қажым

5. 1944-1947жж. Нұрпейісов Сейілбек

6. 1947-1950жж. Ақышев Зейтін

7. 1950-1955жж. Қоңырбаев Мақсұтбек

8. 1955-1959жж. Ыбыраев Назарбек

9. 1959-1961жж. Носевич Николай

10. 1961-1964жж. Боранбаев Манат

11. 1964-1965жж. Сапиев Талқанбай

12. 1965-1968жж. Әбіханов Метербай

13. 1968-1973жж. Молбаев Өмірзақ

14. 1973-1976жж. Мұратбеков Сағынбай

15. 1976-1978жж. Әлібаев Ахмет

16. 1978-3 ай. Жолбаев Болған

17. 1978-1980жж. Иманберлинов Емберген

18. 1980-1985жж. Баймұрзанова Сағымбала

19. 1985-1986жж. Рақымшалова Жібек

20. 1986-1988жж. Қамзолдаев Кәрібай

21. 1988-1994жж. Жұмабаев Жайлаубай

22. 1994-1995жж. Наурызбаев Әбілғазы

23. 1995-1997жж. Тойшынов Қайрат

24. 1997-2000жж. Ердененов Сағатбек

25. 2000-2006жж. Ахметов Бақыт

26. 2006- 2021жж. Қопабаев Ермұхан

27. 2021-Темербеков Рустем




Оқу мекемесінің 

ТӨЛҚҰЖАТЫ


Мекеменің атауы

 «Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекеменің мекен -жайы, байланыс телефоны

040505

Алматы обылсы, Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылы, Байысов көшесі № 24үй.

Телефон 8-72836 (28-7-47)

Факс 8-72836  (28-7-47)

Мектеп директорының аты-жөні


Темербеков Рустем Саинович


Ғимарат

Жалпы көлемі – 5996,1

асхана – 140,1 м2

- спорт залы – 279,8 м2

 -гимнастика залы – 157кв.м.

Жобалау сыйымдылығы - 834 орын

Жалпы оқушылар саны

Барлығы  – 565 оқушы

Мектеп алды даярлық тобы -71 оқушы

Шағын орталық – 25 тәрбиеленуші


Мамандар 

Барлық педагогикалық қызметкерлер  -89

Жоғары санатты педагогикалық қызметкерлер-5

Бірінші санатты  - 8

Екінші санатты -6

Зерттеуші- 2

Сарапшы-18

Модератор- 30

Педагог-20


Жөндеу жұмыстары

Күрделі жөндеуден 2019 өтті


Материалдық-техникалық базасы

Барлық оқу кабинеттер саны – 34

Шеберханалар  – 1,     үй шаруашылық кабинеті - 1

Мектептегі компьютерлерлік техниканың саны – 245

Интербелсенді құралдар – 2 интербелсенді тақта

Модификациялық кабинет- биология, химия кабинеттері 

Медбике кабинеті -2 


Оқулықтармен қамтылу

Оқулықтар  100%

ОӘК  100%

Электрондық оқулықтар – 70% 




Материалдық-техникалық база

Компьютерлердің барлық саны (мектеп бойынша)  245

Сонымен қатар:

Информатика кабинетінде 30

Кітапханада    -5 

Мұғалімдер  бөлмесі – 30

Үйде оқитын балаларда – 2

Интернетке қосылу - Astel

барлық кабинеттер саны - .34

барлық компьютерлер саны - 245

1 компьютерге -  3 оқушы





        Кітапхана жұмысының қажеттілігі мен ерекшелігі, ол мектеп жұмысының барлық оқу жүйесіне қатысушыларына оқу бағдарламасының түрлерін, жаңа кітаптарды және де басқа ақпараттық материалдарды ұсынады.

      Сонымен қатар көркем әдебиеттерді, электронды оқу құралдарын қолдануға мүмкіншілік береді.

       Кітапхана жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, ой- өрісін қалыптастыру, оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру бағытында еңбек етіп келеді.

Кітапхананың негізгі көрсеткіштері:

  1. Кітап қоры- 13688
  2. Оның ішінде оқулықтар саны- 8304
  3. Көркем әдебиеттер саны- 5384

 
  1. 2021- 2022 оқу жылында түскен оқулықтар саны- 2075
  2. Электронды оқулықтар- 196
  3. Методикалық оқулықтар- 425
  4. Қазақ тілінде көркем әдебиеттер саны- 2188
  5. SMART теледидар













Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
loepfaxOt
4 апреля 2022 00:40
Социальные сети, на сегодняшний день, это достаточно мощный инструмент продвижения, поэтому с их помощью можно эффективно рекламировать любой товар или услугу - https://retriv-discount.ru/. При этом эффективность размещения рекламных материалов напрямую зависит от самой страницы, а точнее: от степени ее заполненности, наличия друзей, подписчиков и т.д.
Магазин восстановленных аккаунтов Retriv-discount.ru – это уникальная возможность за символическую стоимость приобрести заполненный или же пустой профиль в социальной сети «ВКонтакте». Купленный аккаунт становится лично Вашим, и Вы получаете все данные для дальнейшего пользования ним. Использовать страницу Вы можете как в личных целях, так и для работы.
Manual
11 мая 2022 18:43
ترک خود ارضایی از نظر علمی کاملا ممکن است.
بخش زیادی از ترک اعتیاد به این
عمل مانند هرگونه اعتیاد دیگری جنبه های روحی و روانی زیادی دارد.
بنابر این نیاز است که با تمام اراده خود تصمیم
به ترک گرفته باشید و از شکست هراسی نداشته
باشید. در ادامه راه هایی برای ترک خود ارضایی که
از نظر علمی ثابت شده اند را بازگو می کنیم.


ورزش کنید
ورزش انرژی مازاد شما را کاهش می دهد.
ورزش علاوه بر آن شادابی و نشاط نیز
با خود به ارمغان می آورد. ورزش هایی مثل دوییدن
و شنا می توانند باعث ترشح اندورفین در بدن می
شود. اندورفین هورمون شادی و نشاط در
بدن است. همچنین ورزش هایی مانند یوگا
می تواند آرامش و اضطراب ناشی از ترک خود
ارضایی را به طور چشمگیری کاهش دهد
و موجب آرامش هرچه بیشتر گردد.


تغذیه سالم
تغذیه سالم با میوه و سبزیجات کافی می
تواند همیشه سطح انرژی شما را در سطحی متعادل نگه دارد
و احساس خستگی و کسلی را از افراد دور نماید.

احساس سرزندگی و نشاط می تواند افراد را از کارهایی
مانند خود ارضایی که که به بدن آسیب وارد می کند
منع نماید.

خواب کافی
کم خوابی با خود بی هدفی و کسالت به دنبال خواهد آورد.
نداشتن خواب کافی به مرور افراد را
دچار افسردگی می کند. تنظیم عادت خواب
و همچنین خواب کافی به میزان 8 ساعت در روز می تواند احساس افسردگی
را از افراد دور می کند.

حمام آب سرد
حمام آب سرد در زمانی که وسوسه های خود ارضایی به سراغ افراد
می آید می تواند معجزه کند. این روش به خوبی می تواند
جلوی هر تکرار عمل خود ارضای را بگیرد.


تنها نباشید
معمولا خودارضایی و وسوسه های آن
زمان به سراغ افراد می آید که تنها هستند.
به همین دلیل توصیه می شود برای ترک خود ارضایی بهتر است خود را در موقعیت هایی قرار دهید
که تنها نباشید.

از تماشای فیلم ها و عکس های مستهجن دوری
کنید
فیلم ها و عکس های مستهجن می توانند یک عامل مهم در
شروع وسوسه برای خود ارضایی باشد.

ترک خود ارضایی زمانی ممکن می شود
که افراد عامل محرک وسوسه ها را پاک کنند.
فیلم های پورن و عکس های مربوط به صحنه های
سکسی به طور یقین یکی از همین عوامل
محرک است که افراد به راحتی می توانند
از دیدن آن صرف نظر کنند.( اختلال تماشاگری جنسی)

از یک مشاور کمک بگیرید
Launa
25 июня 2022 02:36
Trade Forex Bitcoin binary option min deposit 10$-Trading futures contracts
with leverage X5-X100.

my webpage binance
Alethea
1 июля 2022 02:06
Ставки на спорт , Ставки на
киберспорт/Sports betting, online casino deposit bonuses 100%
Registration+500% Bonus First
deposit
Rhonda
3 июля 2022 06:04
Как поднять бабла- авиатор игра наденьги
авиатор
игра на деньги
Greg
3 июля 2022 07:15
Ставки на спорт , Ставки на киберспорт - Авиатор игра
на деньги Выигрыш до Х2000
Ставки на киберспорт Ставки на спорт
Rebecca
12 июля 2022 03:15
Guess the exchange rate, bitcoin and get money. Start with $10 and you
can earn up to $1000 in a day, see how Here
Marcel
27 августа 2022 10:03
Have you ever earned $765 just within 5 minutes?

trade binary options
Mireya
30 августа 2022 18:05
Internet earnings - attract new clients to binary
options and get profit up to 50% (from $100-$50,000 per month).
Payouts every week. Read more here.
affiliate binary options