Балалардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалардың еңбекке саналы көзқарасын қалыптастыру
«Оқуға құштар мектеп»
24
март
2023
«Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  білім алушылардың ертегілер әлемі туралы танымдарын кеңейту, ертегі кейіпкерлерін атай білуге үйрету, балалардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту, ертегінің жағымды кейіпкерлері арқылы адамгершілікке, жаман әрекет иелерінің іс-әрекеттері арқылы жамандықтан жиренуге тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханашылары оқушылардың көктемгі демалыс кезін тиімді пайдаланып онлайн кітап оқуын ұйымдастырды.   
«Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында кітап көрмесі
02
март
2023
«Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында кітап көрмесі
Оқушылардың "сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мектеп кітапханасында «Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Г.Оразбаева оқушыларға көгілдір экраннан алғыс туралы мағлұмат берді.  
«Құпияға толы химия елі»
04
январь
2023
«Құпияға толы химия елі»
Оқушылардың химияға деген қызығушылықтарын арттыру, химия пәнінен алған білімдерін толықтыру мақсатында химия пәнінің мұғалімдері Оразбекова Айым және Мамбеталиева Ботагөз сабақтан тыс «Құпияға толы химия елі» тақырыбында оқушылар арасында сайыс өткізді. Жарыстың бес кезеңінен сынға түскен оқушылар білімдерін шыңдады. Сонымен қатар, сайысқа белсенділік танытып, әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, есептер шығарып, химиялық элементтердің атауларын тапты. Осылайша, Байысов атындағы мектеп оқушылары
Жаңа жыл
29
декабрь
2021
Жаңа жыл
27.12.2021ж. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектеп шағын орталығында балаларға арналған шағын шыршалық кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында ән айтып, би билеген бүлдіршіндерге жаңажылдық сыйлықтар таратылды. 28.12.2021ж. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен Аяз ата мен Ақшақар әр сыныптарды арнайы аралап, оқушыларды мерекелерімен құттықтап, тәттілер таратты. 29.12.2021ж. Үйден оқитын оқушыларға арнайы сыйлықтар әзірленіп, Аяз ата мен Ақшақар үйлерін аралап, сыйлықтарын табыстады.
Қарт ұстаздармен кездесу
13
декабрь
2021
Қарт ұстаздармен кездесу
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл қарсаңында 5 «а» - сынып оқушылары қарт ұстаздармен кездесу ұйымдастырып, зейнеткер ұстаз Фарида Молдаханқызының үйіне барып, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірсе, 5 «ә» және 5 «в» сынып оқушылары қарт ұстаздарды мектепке шақырып, тәлім алды. https://www.instagram.com/p/CXbOH20N5Bx/?utm_source=ig_web_copy_link
«Елбасы – ел тірегі» дебаттық турнирі
26
ноябрь
2021
«Елбасы – ел тірегі» дебаттық турнирі
26.11.2021ж. «Жігер» дебаттық клубы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан оқушыларының арасында өткен «Елбасы – ел тірегі» дебаттық турниріне қатысып, мектеп өміріне жоғары адамгершілік-рухани, көп мәдениеттілік жалпы адам құндылықтары мен патриотизм негізінде көрсеткен жетістіктері үшін ағылшын лигасының клубтары арасында жүлделі ІІІ орынды иеленді.Жетекшісі Ердененов Д.С.
«Ертегілер елінде»
02
ноябрь
2021
«Ертегілер елінде»
02.11.2021ж «Ертегілер елінде» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.
Алтын күз
29
октябрь
2021
Алтын күз
Алтын күз мерекесіне орай «Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты мектепішілік байқау жарияланып, оқушылар арасында қолөнер мен сурет сайысы ұйымдастырылды. Сынып оқушылары белсенді қатысып, оқушылардың жұмыстары мектебіміздің қабырғасын қол өнер және күзгі суреттерімен қуантты. Оқушылардың еңбектері бағаланып, жүлделі орындармен марапатталды.
«Жеке тұлғаның ұжымдағы орны»
07
октябрь
2021
«Жеке тұлғаның ұжымдағы орны»
Кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастар арасындағы қылмысқа қарсы күрес, құқықбұзушылықтың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау07.10.2021 жылы 5 – 11 сынып оқушыларына «Жеке тұлғаның ұжымдағы орны» тақырыбында баяндама оқылып, ұлдар кеңесі өтті. Кеңес барысында оқушыларға қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларды тәртіп сақтап, ынтымақты болуға шақырылды.Кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастар арасындағы қылмысқа қарсы күрес, құқықбұзушылықтың
«Жеке тұлғаның ұжұмдағы орны» тақырыбында баяндама оқылып, ұлдар кеңесі өтілді.
06
сентябрь
2021
«Жеке тұлғаның ұжұмдағы орны» тақырыбында баяндама оқылып, ұлдар
      06.09.2021  жылы 8 – 11 сынып оқушыларына «Жеке тұлғаның ұжымдағы орны» тақырыбында баяндама оқылып, ұлдар кеңесі өтті. Кеңес барысында оқушыларға қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларды тәртіп сақтап, ынтымақты болуға шақырды.