Мектеп кітапханаcы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханаcы
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»
03
май
2023
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні»                                                             7 мамыр - Ұландар күніне орай Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуға тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "Отан -рухы биік, асқақ ұғым" тақырыбында 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен танымдық сағат өтті.    
"Мамыр-шуақ, ынтымақтың ұйытқысы"
02
май
2023
"Мамыр-шуақ, ынтымақтың ұйытқысы"
"Мамыр-шуақ, ынтымақтың ұйытқысы" тақырыбында мектеп кітапханасында 1"в" сынып оқушыларымен презентация өтті. Кітапханашылар бүлдіршіндерге бейбітшілік - әрбір адамның қасиетті құндылығы екенін, адамзат баласы әр кезде де бірлігі мен ынтымағы жарасқан, тыныш та бейбіт заманда өмір сүргісі келетінін, соған қашанда талпынып, әрекет жасау керектігін түсіндірді.    
«Мен тарихи даталарды жақсы білемін»
24
март
2023
«Мен тарихи даталарды жақсы білемін»
«Мен тарихи даталарды жақсы білемін» Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өз мекені туралы білімдерін жүйелеу және байыту, ойлау және сөйлеу белсенділігін арттыру, өз мекеніне деген қамқорлыққа баулу, туған елінің тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін
«Оқуға құштар мектеп»
24
март
2023
«Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  білім алушылардың ертегілер әлемі туралы танымдарын кеңейту, ертегі кейіпкерлерін атай білуге үйрету, балалардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту, ертегінің жағымды кейіпкерлері арқылы адамгершілікке, жаман әрекет иелерінің іс-әрекеттері арқылы жамандықтан жиренуге тәрбиелеу мақсатында мектеп кітапханашылары оқушылардың көктемгі демалыс кезін тиімді пайдаланып онлайн кітап оқуын ұйымдастырды.   
«Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында кітап көрмесі
02
март
2023
«Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында кітап көрмесі
Оқушылардың "сыйластық" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мектеп кітапханасында «Алғыс білдіру – ең асыл сөз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Г.Оразбаева оқушыларға көгілдір экраннан алғыс туралы мағлұмат берді.  
Қажетсіз соғыстың қасіреті
14
февраль
2023
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Мектеп кітапханасында оқушыларды Отанға және Қарулы күштерге деген сүйіспеншіліктерін, туған жерін, елін шексіз сүюге қалыптастыру, оқушылардың келешекке деген жауапкершілігін, ой өрісінің дамытуын қалыптастыру мақсатында  Қажетсіз соғыстың қасіреті  – ауған соғысы жайында кітап көрмесі ұйымдастырылды.    
Роза Бағлановаға 100 жыл
25
январь
2023
Роза Бағлановаға 100 жыл
КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, кеңестік және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағлановаға 100 жыл толуына орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Г.Айқошқарованың жетекшілігімен  3"б" сынып оқушылары қатысты. Роза Бағланованың ән өнеріне сіңірген зор еңбегін ұлықтап, әндерін ұмыттырмау мақсатында ұйымдастырылған көрме барысында оқушылар әншінің өмірі мен шығармашылықтарымен танысты.  
"Жаңа көркем әдеби кітаптар"
12
декабрь
2022
"Жаңа көркем әдеби кітаптар"
"Жаңа көркем әдеби кітаптар" Биылғы оқу жылында мектеп кітапханасына аудандық білім бөлімі көптеген көркем әдебиеттер және ертегі кітаптар табыстады. Мектеп кітапханасы кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар мұғалімдермен тығыз байланыс орнатып, оқушылар арасында әр түрлі іс-шаралар мен кітап көрмелерін ұйымдастыруда. https://www.instagram.com/p/Clxepf7KiSm/