25
январь
2023
Роза Бағлановаға 100 жыл
КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, кеңестік және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағлановаға 100 жыл толуына орай мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Г.Айқошқарованың жетекшілігімен 3"б" сынып оқушылары қатысты. Роза Бағланованың ән өнеріне сіңірген зор еңбегін ұлықтап, әндерін ұмыттырмау мақсатында ұйымдастырылған көрме барысында оқушылар әншінің өмірі мен шығармашылықтарымен танысты.