Салауатты өмір-денсаулықты сақтау-спорт жұмыстары » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Салауатты өмір-денсаулықты сақтау-спорт жұмыстары
Денсаулық фестивалі
28
апрель
2023
Денсаулық фестивалі
Денсаулық фестивалі Оқушылардың белсенді өмір салтын жүргізуге назарларын аудару, денсаулық үшін қимыл белсенділігінің артықшылықтары туралы хабардар болуын арттыру мақсатында 28.04.2023 жылы «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылып, 1-11 сыныптан 680 оқушы қатысты. Фестиваль мектеп алаңында қатысушылардың сапқа тұруынан басталып, ҚР-ның Әнұраны орындалды. Мектеп директоры Р.Темербеков фестивальдің ашылуымен құттықтап, 3-11 сынып оқушылары «Дені саудың рухы сау», «В здоровом теле здоровый дух!»,
«Әкем, анам және мен!» отбасылық спорт жарысы
07
апрель
2023
«Әкем, анам және мен!» отбасылық спорт жарысы
«Әкем, анам және мен!» отбасылық спорт жарысы 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай  директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары Ж.Искакова, Т.Қожахметов, ұйымдастырушы-ұстаз А.Ахметқызы және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдағы спортты дамыту, ата-ананы мектепке тарту, балаларды спортқа баулу мақсатында  «Әкем, анам және мен!»  атты отбасылық спорт жарысы өтті. Жарысқа 7-сынып оқушылары ата-аналарымен қатысты. Атап айтсақ, 4 топ:
«Арыңды сақта бойжеткен»
30
март
2023
«Арыңды сақта бойжеткен»
«Арыңды сақта бойжеткен» 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру, «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлдеқайда тиімдірек екендігін ұғындыру,  ертежүктіліктің, жұқпалы аурулардың алдын алу, оқушыларды адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне,сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында наурыз айының
«Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар»
24
март
2023
«Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар»
«Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар» Мектеп оқушыларының кәсіби спортқа деген қызығушылығы ояту,  спортты насихаттай отырып балаларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу, қазірден спортты патриотизм деп түсініп, спортшылар сияқты ел намысын абыроймен қорғауды міндет тұту мақсатында 24.03.2023ж. мектеп спорт залында оқушылар арасында баскетбол жарысы ұйымдастырылды.   
Спорттық жетістіктер
06
март
2023
Спорттық жетістіктер
11-12.02.2023 жылы Талдықорған қаласында өткен 2011-2012 жылы туылған балалар арасында футзалдан Байысов атындағы орта мектебінен Тойлыбек Оралбек жетекшілік еткен 2 оқушы: Малик Мансұр мен Арғынбек Мансұр І орын иеленді.  23-26.02.2023жылы Текелі қаласында өткен 2011-2012 жылы туылған балалар арасында футзалдан Байысов атындағы орта мектебінен Тойлыбек Оралбек жетекшілік еткен Малик Мансұр І орын иеленді. 10-12.02.2023 жылы Жетісу облысының чемпионатында Байысов атындағы орта мектебінен Нүсіп
Азаматтық қорғаныс күні
01
март
2023
Азаматтық қорғаныс күні
Азаматтық қорғаныс күні 1 наурыз Азаматтық қорғаныс күніне орай оқушыларды жаппай қауіпсіздік шараларымен таныстыру мақсатында  мектепте даблы ойнатылып, оқушылар мектеп алаңына шығарылды. АӘДТ пәні мұғалімі М.Дабыров және медбике Ж.Каирбаева оқушылардың қауіпсіздік шараларын сақтау сауаттылықтарын арттыру мақсатында оқушыларға түрлі әдіс- тәсілдер қолдана отырып, сақтану шараларын үйретті. Табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайдан қорғау және қорғану шараларын көрсетіп, су тасқыны, сел, жер
Медбике кеңесі
28
февраль
2023
Медбике кеңесі
Ақпан айының 28-і күні мектеп мәжіліс залында 3-5 сынып оқушылары арасында мектеп медбикесінің қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында мектеп медбикесі Ж.Каирбаева мен А.Бағашарова оқушыларға жұқпалы тері аурулары және оның салдары туралы қысқаша мағлұмат беріп, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.   
Үстел теннисінен аудандық сайыс
24
февраль
2023
Үстел теннисінен аудандық сайыс
Ақпан айының 24-і күні мектеп спорт залында 7-8 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен аудан көлемінде сайыс өтті. Сайыста ауданның 14 мектебінің оқушылары додаға түсті. Байысов атындағы орта мектебінен Қанат Амангелдіұлы жетекшілік еткен Абен Маржан, Кемал Сезім, Жанаев Нұрасыл, Садырбай Нұркен І орынды иеленді.    
Волейбол жарысы
24
январь
2023
Волейбол жарысы
Волейбол жарысы Оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау, аталған спорт түрімен жүйелі түрде айналысуларына жол ашу мақсатында 24.01.2023 жылы   7-8 сыныптар арасында  ұлдар және қыздар командаларынан құрылған волейбол жарысы өтті. Орын алған командалар дипломдармен марапатталып, кубоктарға ие болды.    
Эстафета жарысы
23
январь
2023
Эстафета жарысы
Эстафета жарысы 23.01.2023ж. дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекен Мұраттың ұйымдастыруымен 2 «ә» сынып оқушылары арасында эстафета жарысы өтті.