«Алматы облысы білім басқармасы Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Байысов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологтарының 2020-2021 оқу жылы бойынша қызметі » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алматы облысы білім басқармасы Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Байысов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологтарының 2020-2021 оқу жылы бойынша қызметі
24
март
2022

«Алматы облысы білім басқармасы Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Байысов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологтарының 2020-2021 оқу жылы бойынша қызметі

«Жетісу облысы білім басқармасы  Ескелді ауданы  бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Байысов  атындағы  орта   мектебі» коммуналдық    мемлекеттік  мекемесінің   педагог-психологтарының    2020-2021   оқу  жылы бойынша  қызметі              туралы  есебі


Қазіргі  мектептегі    психологиялық  қызмет  жүйесінің   атқарар  істері  көп.   Әрбір  адам  -   өзінше  бір  дара.   Оның  жан  сарайына   үніліп,  жүрек  сырына   терең  бойлау,  ондағы   құпия  жайттарды  ұғыну – психологиялық  қызметтің   бір  қыры.  Мектептегі    оқушылар,  ұстаздар,  ата-аналар    сияқты  санаттарды  қамти   отырып,  психологиялық  қызмет   оқу-тәрбие  үрдісін  жақсартуда   үлес  қосуда.  

        Мектептің  психологиялық қызметі білім беру жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.  Оқыту үрдісі оқушының тұлғалық дамуына оң әсер ететін психологиялық-педагогикалық жағдайда жүзеге асырылады.

         Психологиялық  қамтамасыз ету жұмысы психолгиялық диагностиканың және педагог-психолог жұмысының жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. Аудандық білім бөлімінің келісімімен аудан бойынша психологиялық қызметтің жоспары бір форматта жасалынды.  Биылғы оқу   жылының короновирустық жағдайға байланысты мектеп қызметі қашықтықтан жүргізіліп отыр. Осыған орай мектептің психологиялық қызметі де онлайн форматта атқарылуда. Дегенмен,  қашықтықтан психодиагностика жұмыстарын жүргізу қиындық тудыруда, 

дамыту және   психологиялық түзету  қызмет әртүрлі сілтемелерді жіберу арқылы жүргізілуде. Педаготарға , оқушыларға және олардың ата-аналарына кеңестер беруде видеороликтер жіберіліп, ұсынымдар берілді.

    Психологиялық қызметтің мақсаты:

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялықденсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік  - психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.Оқушылардың өзін тануына, айқындауына және дамытуына мүмкіндік беру, бала дамуындағы табиғи механизмдерді сақтау. Педагогтардың, ата-аналардың  қарым-қатынас жасау біліктілігін, психологиялық –педагогикалық жағымды дағдыларын жетілдіру.

     Мектепте «Сенім жәшігі» және онлайн  «Сенім поштасы», жұмыс жасайды. Сонымен қатар психологиялық көмек көрсету орындарының телефондары мен  сенім телефонының номері мен  ватсап номерлеріміз ата-аналар мен оқушыларға берілді.

Ата-аналармен және балалармен жүргізілген  әңгімелер тақырыбы

  • «Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынама» психологиялық кеңеспрезентация
  • «Ата-аналар мен балалар қарым-қатынасының психологиясы» жалпы ата-аналар жиналысы 
  • «Қашықтықтан оқуға табысты бейімделу» оқушыларға кеңестер 
  • «Зорлық-зомбылықсыз үй»  презентация
  • «Баланы қалай қолдауға болады» ұсынымдар 
  • «Баланың психикалық денсаулығы» видеоролик , ұсынымдар 
  • «Стресс –кризис»видеоролик оқушыларға  ұсынымдар айтылды.
  • «Қауіпсіз интернет»  ата-аналарға презентация  көрсетілді. 
  • Бастауыш сыныптарға  қол моторикасын, оқушыларға жалпы дамыту жатығулары видео ссылка бойынша жіберілді .
  • Ата-аналар мен оқушыларға жеке кеңестер берілді . 
  • Деструктивті сайтқа тіркелген оқушыларды бақылау жүргізілді.
  • Оқу мотивациясын арттыруға арналған ұсынымдар ата-аналарға   жілерілді. 
  • «Психологиялық денсаулық» күніне орай, оқушыларға, ата-аналарға, мектеп ұжымына арналған бейнероликтер дайындалып, берілді. 
  • «Салауатты –өмір салты» презентация берілді. 
  • Ұстаздарға психологиялық денсаулықты сақтау бойынша видеоролик , кеңестер жіберілді
  • СОР және СОЧ тапсыру кезіндегі оқушылар, ата-аналарға психологиялық жағдай бойынша ұсыным жіберілді.
  • Үйден оқытылатын оқушымен онлайн сұхбат, ата-анасымен кездесу өткізілді.
  • Сұраныс бойынша бірнеше ата-анаға жеке кеңес берілді. 
  • Қамқорлықтағы оқушымен сұхбат жүргізілді.
  • Сәтсіз отбасы тізімінде тұрған ата-анамен кездесіп, әлеуметтік педагогпен бірлесе жағдайларын білу мақсатымен кездесу өткізілді.

Дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша төмендегі жұмыстар атқарылды

ü «Даярлық тобы және   1-сынып оқушыларының мектепке   бейімделуі» ата-аналарға ұсынымдар, видеоролик 

  • «5 сынып оқушыларына бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы  көмек жасау» ата-аналармен психологтың кездесуі,  ZOOM  ПЛАТФОРМАСЫНДА.

ü Ата-аналарға арналған ұсынымдар  
 « Баламызды қандай тиімді жолдармаен қолдауға болады» в
идеоролик  

ü 11 сынып ҰБТ –ге дайындық бойынша мотивациялық  сілтемелер мен видеороликтер жіберілді . сондай-ақ сұраныс бойынша бір оқушыға жеке кеңес берілді. 

ü «Стресс жағдайын төмендету» ата-аналарға кеңес жіберілді.

ü Ата-аналар мен оқушылар онлайн сауалнама 5-сыныпқа бейімделу бойынша алынып, есебі берілді. 

Әдістемелік сүйемелдеу бойынша вебинарлар мен конференцияларға қатыстық. 

Ø Конференция «Новые подходы организации психологической службы в работе с детьми, находящимися в трудной жизненной ситуации» комитетпо  охране прав детей 13.08.2020г

Ø Респубикалық тамыз кеңесі «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беруүдерісін психологиялық-педагогикаық сүйемелдеу» 13.08.2020ж

Ø Республикалық семинар тренинг «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың адын алу саасында қазіргі жағдай: тәжіртбе және даму перспективалары» 14.08.2020 

Ø Аудандық тамыз конференциясы секциясы 20.08.2020ж

Ø «Қашықтықтан оқыту форматын ескерумен психологиялық қызметінің жұмысын жоспарлау" 29.09.2020ж

Ø «Баланың психикалық денсаулығы-психологтың ата-аналармен кездесуі» вебинар 30.09.2020ж

Ø «1-сынып оқушыларын бейімдеу – Психологтың ата-аналармен кездесуі» вебинар  13.10.2020 ж.

Ø «Стресс және кризис - Психологтың оқушылармен кездесуі» вебинар 19.10.2020 ж.

Ø «Кибербуллинг туралы әңгімелесейік - Психологтың оқушылармен кездесуі»вебинар 

19.10.2020 ж.

Ø «Интернетке тәуелділік – Психологтың оқушылармен кездесуі» 20.10.2020 ж. Вебинар 

Деструктивті сайтқа тіркелген оқушыларға онлайн-мониторинг жүргізу қолға алынған.  Айдың 8-18-28 аралығында есеп беріліп отырылды. 

Оқушының эмоционалды-психологиялық жағдайын жақсарту және аутодекструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында өмірдің маңыздылығы мен өзін-өзі реттей алу бағытында видеоролик оқушыларға жіберілді және 6-9 сынып аралығында проективті эспресс тест алынды. 

Мектеп педагог-психологтарының 2 тоқсандағы қызметі   ұстаздар мен оқушыларға   «2 тоқсан басталуымен»  жағымды  психологиялық ахуалды туғызу мақсатымен құттықтау жіберу жұмысымен басталды. Әлі де   кароновирусқа байланысты карантин себебімен ұстаздар мен ата-аналармен, оқушылармен қашықтықтан жұмыс жалғастырылды.   Оқушылардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында сынып жетекшілері мен ата-аналармен телефон желісі арқылы байланысып , сұрастырылып отырылды.

Мектебіміздің инклюзив оқушысымен онлайн әңгіме өткізіліп, дамыту жаттығулары сілтемелері  ватсап желісі арқылы жіберілді. Сонымен қатар ПМПК –дан өту үшін   инклюзив балаға педагогикалық-психологиялық мінездеме беріліп, баланың  ата-анасына ПМПК бойынша кеңес берілді. Инклюзив оқушының ата-анасымен кездесу болып өтті, кездесу барысында баланың эмоционалдық жағдайы, қарым-қатынас, білім алудағы қиындықтары туралы әңгіме өткізілді.  Қазіргі уақытта бала жалпы білім беру бойынша сабақ оқиды, дегенмен диагнозына байланысты сынып мұғаліміне ерекше балаға жеңілдетілген   түрде сабақ беруге  телефон арқылы  кеңестер айтылды.  Әңгіме жүргізілді. 

Үйден оқитын оқушыға сабақ беретін ұстаздарға ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыста  қолданылатын әдіс-тәсілдер бойынша сілтеме жіберілді.   Сондай-ақ  «Менің мерекелік көңіл-күйім» үйден оқитын оқушымен онлайн әңгіме өткізілді.  Әңгіме барысында оқушының көңіл-күйі жақсы, оқуға ынтасы жоғары, отбасымен қарым-қатынасы дұрыс екені анықталды.  Үйден оқитын оқушының ата-анасымен байланыс орнатылып, баланың жағдайы туралы білдік. Қазіргі уақытта жағдайы қалыпты екені анықталды және ұстаздарымен қарым-қатынасы жақсы екенін білдік.

Жалпы ата-аналарға  «Қауіп-қатер жөнінде балалардың естеріне салу ата-ана міндеті»   презентация жіберілді «Жалпы адамзаттық құндылықтар-бақыт мекені»  ата-аналарға кеңес берілді.

Ата-аналарға да бала тәрбиесіне байланысты  мағлұматтар мен ұсыныстар қашықтықтан жіберіліп отырылды. «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы» , «Қауіп қатер жөнінде балалардың есіне салу - ата—ананың міндеті»  видеороликтерінде ата- аналарға баламен қарым-қатынас барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолдары мен қажетті кеңестер айтылды.    «Зорлық- зомбылықсыз балалақ шақ» видеоролигі арқылы ұстаздар мен ата-аналарға балаларда қоршаған ортамен қарым-қатынаста  кездесетін буллинг пен психологиялық, физикалық зорлық-зомбылық түрлері туралы айтылып, ескертілді. Алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.  

Оқушыларға  «Жақсы мінез – жан айнасы»  тақырыбында 8-11 сыныптарға   видеослайд   берілді.  Экспресс-проективті  тест «әшекей, ыдыс, қару, өсімдік»  алынды 6-11 сынып.   «Жалпыадамзаттық құндылықтарды бойымызда ұстайық» видеослайд 5-11 сынып балаларына таныстырылды. Сонымен қатар  «Балалардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы» видеоролик жасап, 5-11 сыныптарға берілді.

Жасөспірімдер күнделікті өмірде жаңа жайттарға және мәселелерге тым жиі тап болатын кезең. Өмірлік тәжірибесі болмағандықтан,  тіпті болмашы мәселенің өзі жасөспірімдерде стресске, депрессияға ұласуы және суицидалды мінез-құлыққа апаруы мүмкін. Осы кезең бойында денсаулыққа қауіпті мінез-құлық түрлері өрбуі ықтимал,  олар жасөспірімдік жаста орнығып алып, ересек кездеде жиі сақталып, әрі қарайғы өмірде психикалық денсаулыққа және амандыққа ықпал етеді. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдың алу мақсатында мектеп психологы тарапынан  балалар мен ата-аналарға қашықтықтан оқуға байланысты Whattsap чаты арқылы слайд, видеороликтер мен  You Тube каналының тақырыпқа сай сілтемелері жіберіліп отырылды. Атап айтсақ, мектебіміздің 6-11 сыныптары аралығында «Денсаулықтың құпиясы неде немесе 9 қарапайым ереже»,«Өз көңіл-күйіңді қалай басқаруға болады?»,  «Көңіл-күй күйзелісі деген не және одан қалай шығуға болады?»,    «Мақсат қою және оған жету жолдарын білесіз бе?», «Депрессия», «Депрессияға әкелетін қатерлі факторлар!»,   «Стрессті еңсеру құпиялары»,   «Сенімділікті қалай арттыруға болады?», «Зорлық- зомбылықсыз балалақ шақ»,   «Әлімжеттік»  тақырыбында ссылкалар жіберіліп, балаларға көрсетілді. 

Сондай-ақ өзіне сенімділікті арттыратын және жақсы көңіл-күй сыйлайтын аффирмациялар мен видеороликтер жіберілді.   Сондай-ақ «Біз неге ашуланамыз?», «Бәрі өзіне байланысты» видеосы мен «Ашуды және стрессті басуға арналған аутотренинг элементтері» мен «Жақсы мінез –жан жан айнасы» тренинг элементі бар жаттығу түрлерімен 7-9 сынып оқушылары танысып өтті.

Мектепішілік «Тәуекел тобы»   және «Ресурс» «Жанұя»  психологиялық қоғамы жүргізген   тестілеу бойынша анықталған оқушылар саны жаңаланып, балалардың үйлеріне олардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, барып кездесіп қайттық. Оқушылардың  ата-аналары мен балалармен әңгімелесіп, кеңестер мен ұсыныстар айтылып өтілді. Сәтсіз отбасы балаларымен де, ата-анасымен де кездесу өткізілді.  Әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып баалардың жағдайы бақыланды. 

Ұстаздарға «Жұмыста күйреу» бойынша ұсынымдар берілді. Ұстаздар тарапынан 2 тоқсан барысында кеңес алуға деген сұраныс түспеді, дегенмен жас мамандарға кеңестер айтылып, әңгіме жүргізілді. 

 9, 10,11   сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді. “Мамандық  таңдау   -  болашақ  өмірге   бастама” тренинг – жатығу 9 -11 сыныптарда өтті.

 ҰБТ тапсыратын оқушыларға ватсап желісі арқылы слайд «Мақсаты дұрыс қоя білу» жіберілді. Сонымен қатар мамандық таңдауда табандылық танытып, мамандық таңдауда нақты өздерінің икемділіктеріне қарай таңдау керектігі туралы айтылып, жеке кеңестер берілді. 

 10-11 сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша ұсыныстар мен кеңестер сілтемесін жіберу жұмыстары жүргізілді.

 «Сенім поштасы» мен сенім тефондары  номерлері барлық ұстаздар,  ата-аналар мен оқушыларға жіберіліп таныстырылды. Онлайн кеңес беру үшін байаныс номерлері көрсетілген ақпарат берілді. 2-тоқсан барысында «Сенім поштасы» мен «Сенім телефонына» хабар келіп тускен жоқ. 

 Мектеп педагог-психологтарының 3 тоқсан әлі де  кароновирусқа байланысты карантин себебімен ұстаздар мен ата-аналармен, оқушылармен қашықтықтан жұмыс жалғастырылды.  Оқушылардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында сынып жетекшілері мен ата-аналармен телефон желісі арқылы байланысып , сұрастырылып отырылды.

Сондай-ақ 3 тоқсан барысында 1-5 және 9,11 сыныптарға кезекші сыныптар ашылып, балалар аралас форматта білім алу жалғасты. 6-8,10 сыныптармен қашықтықтан сабақ беру жалғасын тапты. Ең бірінші балалар мектепке келу барысында балалармен бақылау жұмыстары жүрпгізілді. Баланың көңіл-күйі, сабаққа қатысу қызығушылығы , эмоционалдық жағдайлары қаралып отырылды. Балалар өте жақсы , көтеріңкі көңіл- күймен сабаққа келді. Барлық оқушыларға карантин шараларын қатаң сақтау керектігі ескертілді. 

1,5 сынып оқушылары жоғары сынпқа бейімделген, оқуға құштарлықтары жоғары, социаметрия бойынша шеттетілген оқушы анықтамады. 

9 сынып оқушыларына «Мамандық-болашаққа бастар жол» жаттығуы өткізілді. Мамандық таңдау, кәсіби ой ниеті  бойынша диагностикалық жұмыстар алынды.   Ата-аналарға «Кәсіптік бағдар-бала болашағы» атты кеңестер өткізілді. 

11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша әңгімелер мен «Шимай» жаттығулар кешені өткізілді. Балалардың сабаққа дайындалу кезіндегі ережелерді ұстану бойынша қосымша айтылды. Ата-аналарға кеңестер жіберіліп отырылды. 

10-11 сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша ұсыныстар мен кеңестер сілтемесін жіберу жұмыстары жүргізілді.

Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың болуына әсер ететін факторларды анықтау бойынша  гугл-форма арқалы ата-аналардан, оқушылардан сауалнамалар алынды. Сауалнама нәтижесінде ата-аналар мен оқушылардың мектепке көзқарасы дұрыс екендігі, қосымша сабақтар ұйымдастырылса деген  ұсыныстар бар екендігі анықталды. Мектеп әкімшілігіне сауалнама нәтижесі хабарланды. 

Мектеп медбикесімен кездесіп, жалпы балалардың денсаулығы бойынша сұхбат болды, анықталғандай балалардың жағдайы қалыпты.   Жеке кеңестер беру жұмыстары жүргізілді. мамандық таңдау, өзіне деген сенімсіздікті жою, оқу мотивациясын арттыру бойынша кеңестер берілді. 

Ай сайын берілетін зиянды сайт бойынша жұмыстар жүргізілді. Оқушылар мен ата-аналарға «Буллинг», «Кибербуллинг» бойынша видеороликтер жіберілді. Сақтану мен интернет қайіпсіздіге бойынша кеңестер берілді. 

Қамқорлықтағы оқушының қамқоршысымен кездесіп, балалардың жағдайы бақыланды. Балалардың жағдайы қалыпты. «Сәтсіз» отбасы баларымен де үнемі байланыс құрылған, үй жағдайы зерделеніп отырылады.

Ұстаздарға «Жұмыста күйреу» бойынша ұсынымдар берілді. Ұстаздар тарапынан 3 тоқсан барысында кеңес алуға деген сұраныс түспеді, дегенмен жас мамандарға кеңестер айтылып, әңгіме жүргізілді. 

«Сенім поштасы» мен сенім тефондары  номерлері барлық ұстаздар,  ата-аналар мен оқушыларға берілген, 3 тоқсан бойынша ешқандай ақпарат түспеді.  Онлайн кеңес беру үшін байаныс номерлері көрсетілген ақпарат берілді. 3-тоқсан барысында «Сенім поштасы» мен «Сенім телефонына» хабар келіп тускен жоқ. 

Мектеп педагог-психологтарының 4 тоқсан   кароновирусқа байланысты карантин себебімен ұстаздар мен ата-аналармен, оқушылармен қашықтықтан жұмыс жалғастырылды.   Оқушылардың эмоционалдық жағдайларын бақылау мақсатында сынып жетекшілері мен ата-аналармен телефон желісі арқылы байланысып , сұрастырылып отырылды.

Үйден оқитын оқушымен санитарлық талаптарды сақтай отырып,   ата-анасымен және білім алушымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында баланың  көңіл-күйі,  сабаққа қызығушылығы, отбасымен қарым-қатынасы туралы  әңгіме жүргізілді . 

Бастауыш сынып танымдық қабілетін дамытуға арналған жаттығулар мен ұсыныстар онлайн  түрде чаттарға жіберілді.  

«Орман мектебі» 1 сынып оқушыларына арналған диагностика жұмыстары алынды, яғни балалардың мектепке бейімделуі мен ұстаздармен қарым-қатынасын анықтау жұмыстары  атқарылды. «Денсаулық –зор байлық» бастауыш сыныптарға онлайн  кеңес берілді.

9-11 сыныптар   бойынша  кәсіби бағдар   шаралары атқарылды, балалармен «Мамандық – болашаққа бастар жол» әңгіме жүргізілді, әртүрлі колледжлер мен университеттер бойынша зуум платформасы арқылы кездесулер ұйымдастырылды.  «Все работы хороши» видеоролигі жіберілді. Жеке кеңестер мен ұсыныстар айтылды. 

«Салауатты өмір салтымыз» 5-11 сыныптар арасында әңгіме ретінде чаттарда мәлімет  берілді. 

Қашықтықтан оқыту барысында «Білімдегі олқылықтарды жою» бойынша жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар мен білім алушылардан, ұстаздардан гугл-форма арқылы сауалнама алынып, нәтижесі әкімшілік отырысында талқыланды. Балаларға онлайн форматта  кеңестер мен дамыту жаттығулары  жіберілді.  Кездесулер өткізіліп, балалардың сабаққа үлгермеуінің себептері анықталды. Сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып , білім алушының әлеуметтік жағдай зерделеніп, ата-аналармен  әңгімелестік. 

«Ерте жүктілік және оның салдары» 8-11 сынып оқушылары қыздарына слайд материалы жіберілді. 

Мемлекеттік емтихан барысында  білім алушылардың арасында мазасыздықтың алдың алу мақсатында «Күйзелістен қалай құтылуға болады?» ,  «Үрейді басқару жолдары» сілтемесі жіберіліп, «МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН КЕЗІНДЕ СТРЕССТЕН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА БОЛАДЫ?» кеңестер беру жұмыстары атқарылды. 

ҰБТ –ді тапсыруға дайындалып жүрген білім алушылармен де кеңес беру жұмыстары атқарылды. Ата-аналарға «ҰБТ-ге дайындық барысында баланы қолдау»  кеңестері берілді.  «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» 

«Эмоционалдық жанудың алдын алу» мұғалімдерге кеңес берілді. 

«Суйцидтік мінез-құлыққа тест алынды. 

«Жазғы мектеп» бойынша  оқушыларға сауалнама нәтижелері: 

   


Ата-аналарға арналған сауалнама  нәтижелері:

  


 


Жазғы мектеп барысында білім алушылармен түзету-дамыту жаттығуларын өткізілді. 

«Жазғы демалысым»  оқушыларға бос уақытты тиімді пайдалану бойынша кеңестер көрсетілген видеоролик жіберілді. 

Жеке кеңестер беру жұмыстары жүргізілді. мамандық таңдау, өзіне деген сенімсіздікті жою, оқу мотивациясын арттыру бойынша ұсыныстар берілді. 

Ай сайын мониторинг берілетін зиянды сайт бойынша жұмыстар жүргізілді. Уақытында есеп беріліп отырылды. Кибербуллингтен сақтану мен интернет қайіпсіздіге бойынша  ата-аналар мен білім алушыларға  кеңестер берілді.  Алдын алу жұмыстары жүргізілді. 

Қамқорлықтағы оқушының қамқоршысымен кездесіп, балалардың жағдайы бақыланды. Балалардың жағдайы қалыпты. Аз қамтамасыз етілген   отбасы балаларымен де үнемі байланыс құрылған, үй жағдайы зерделеніп отырылады.

«Сенім поштасы» мен сенім тефондары  номерлері барлық ұстаздар,  ата-аналар мен оқушыларға берілген  4   тоқсан бойынша ешқандай ақпарат түспеді.  Онлайн кеңес беру үшін байланыс номерлері көрсетілген ақпарат берілген. 4-тоқсан барысында «Сенім поштасы» мен «Сенім телефонына» хабар келіп тускен жоқ. 

Мектеп психологтары тарапынан облыс, аудан көлемінде ұйымдастырылған  вебинарлар мен                                                                                       семинарларға қатысып, іс-тәжірибе алмасу жүргізілді. 

         

Swot талдау (мектептегі педагог қызметіне) қызметіне  swot талдау арқылы мектептің күшті,әлсіз жақтарын, қауіпі мен мүмкіндіктерін анықтауға болады:



S- (strength)-күшті жақтары

W- (weakness)-әлсіз жақтары



T-threat-қауіп

Білімімді жетілдіру бойынша аудан,облыс көлемінде өткен онлайн курстарынан,семинар,вебиарларға қатысып, біліктілігімізді арттырдық.  

O- (opportunitu)-мүмкіндіктері

Жұмысқа қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілмеу,осы орайда жаңа оқу жылында бұл кемшілік жойылсн.

 5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде болатын қиындықтардың алдын алу.

1-11 сынып оқушыларымен  онлайн жүйесі бойынша  психологиялық жұмыстарды  келесі оқу жылында жетілдіру.





            Мектеп психологі                                Шагамбаева А.Д. 

                                                             Қалқабаева А.Д.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив