Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу
09
февраль
2022

Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу

08.02.2022ж Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу: «Менің құқығым – менің бағдарым» Құқық бұзушылық кодексінің баптарымен таныстыру мақсатында мектеп инспекторы М.Насыржановтың қатысуымен мектеп мәжіліс залында ұлдармен кеңес өтті. Кеңес барысында оқушыларды қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық құқықтарымен таныстырып, ұлдарға темекінің зияндығы, зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды тәрбиелік-құқықтық кеңестер беріліп, оқушылар өз ой-пікірлерімен алмасты.

09.02.2022ж «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың құқықтық сауаттылығы», «Құқықтық тәрбиені қалыптастыруда отбасының рөлі» тақырыптарында ата-аналармен жиналыс өтті. Жиналысқа Мектеп инспекторы М.Насыржанов қатысып, ата-аналарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, сондай-ақ олар үшін кодификацияланған (жүйеленген) заңнама бойынша заңдық жауапкершіліктің бар екендігін, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заманауи ұғымдар мен жергілікті полиция қызметінің заңдық құзыретіне жататын құқық бұзушылықтардың құқықтық сипаттамасын айтты. Өмірлік қиын жағдайға түсіп қалған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының жағдайын анықтау үшін әлеуметтік қызметкер мен психологтың қатысуымен жүргізілген іс-әрекеттерге тоқталып, зорлық-зомбылықпен күрес ҚР мемлекеттік басым міндеттердің бірі ретінде айқындалғанын, тұрақты даму мақсаттарының бірі – барлық зорлық-зомбылық нысандарының таралуын едәуір қысқарту, ол мемлекеттік саясаттың осы саладағы сындарлы және айқын шараларын талап ететін түсіндірді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив