Ауылдық округінің бас имамымен кездесу » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауылдық округінің бас имамымен кездесу
24
февраль
2022

Ауылдық округінің бас имамымен кездесу

Ата-аналармен, полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен 01-28.02.2022 ж. аралығында тақырыптық айлық жүргізілуімен қатар, психологиялық көмек көрсету «Құқығым бар!» қоғамдық қабылдау бөлмесі ұйымдастырылып, қиын оқушылармен психологиялық дәрістер жүргізілді. Егер ата-ана ескерту жасаса, бірден ашу шақырып, дүрсе қоя бермей, сабыр сақтауға шақырды. Ата-ана сырттай білдіртпегенмен, «баламның табанына кірген шөңге маңдайыма қадалсын» деп іштей ойлап жүретінін, бала – ата-ана өмірінің жалғасы, қызығы екенін, олар да үлкейіп қалған баласымен қалай қарым-қатынас жасауды білмей, абдырайтыны жөнінде кеңестер беріліп, 8б, 9б сыныбында «Подростковый суицид» тақырыбында өткен ата-аналар жиналысында оқушылар, ата-аналар арасында әңгіме, баяндау, сауалнама жұмыстары жүргізілді. 9а сыныбындағы «Өмір – өмір сүру үшін берілген» пікір-талас дебат «Өмір, неткен керемет!», «Адамның өз еркімен өмірін қию» тақырыптарында екі топ арасында өтті.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында Алдабергенов ауылдық округінің бас имамы Аманбек Елісханұлымен кездесу өтті. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату мақсатында өткен кездесу барысында мейірбандылық, шыншылдық, қайырымдылық және әдептілік туралы сөз өрбіді. Жиынға арнайы келген бас имам Аманбек Елісханұлы оқушылармен пікір алмасып, адамгершілік, адалдық қасиеттер туралы кеңінен айтып берді. Ал оқушыларымыз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Мектеп психологы Райгүл Қалқабаеваның ұйымдастыруымен өткен басқосуда «Адалдықтың өтемі» туралы бейнематериал көрсетіліп, өмір туралы өлең шумақтары оқылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив