«Қош келдің, Әз-Наурыз» » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қош келдің, Әз-Наурыз»
15
март
2023

«Қош келдің, Әз-Наурыз»

«Қош келдің, Әз-Наурыз»


22 наурыз мерекесіне орай оқушыларға Наурыз - жыл басы, ұлт мейрамы екендігінің тарихи маңызын түсіндіру, ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру, өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата - ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру мақсатында 1 «а» сыныбында «Қош келдің, Әз-Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшісі Ш.Байтайлақова қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет – ғұрпын дәріптеп, бүлдіршіндер мен ата-аналарға Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау - жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білгенін, сондай-ақ халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен - кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын бергені жайлы сөз өрбітті.

Қызыр ата, Жер Ана, Көктем аруы келіп балаларға өз тілектерін айтса, оқушылар Наурыз мерекесіне тақпақтар айтып, сөзжұмбақ шешті. Айболатқызы Айзере "Қара жорға" биін билесе, қалған оқушылар "Күн мен түн", "Бай мен Алдаркөсе"  туралы көрініс көрсетіп, наурызға байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. «Арқантартыс», "Асық ату", "Бес тас" ойындарын ойнап, күнге  шуақ жапсырып, өздерінің ақ тілектерін білдірді.

  
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив