«Менің құқығым – менің бағдарым» Инспектормен кездесу » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Менің құқығым – менің бағдарым» Инспектормен кездесу
16
февраль
2023

«Менің құқығым – менің бағдарым» Инспектормен кездесу

«Менің құқығым – менің бағдарым» Инспектормен кездесу

16.02.2023 жылы құқық айлығы барысында жоспарға сәйкес мектеп қауіпсіздігі, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында мектеп мәжіліс залында аудан инспекторлары М.Исанов, Е.Бауыржанұлы, Д.Сейітжанұлы және полиция лейтенанты,  мектеп инспекторы Е.Өмірхановтың қатысуымен ұлдар арасында бөлек және қыздар арасында бөлек кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айта алатын, кемел ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу мақсатында аудан инспекторлары ұлдарға шылым, есірткі, нашақорлық салдары жайлы, кешкі рейд барысы, тәртіпбұзушылық, құқықбұзушылық, бұзақылық, әлімжеттік, зиянды әдеттер туралы сөз өрбітсе, қыздар арасында қоғамдық жерлерде балағат сөз айту салдары неге әкеп соқтыратыны жайлы толыққанды ағарту-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Искакова, мектеп психологтары А.Шағамбаева мен Р.Қалқабаева, мектеп медбикесі Ж.Каирбаева наркопост жұмысын жүргізу мақсатында оқушыларға  Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі - бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу, құқықбұзушылық жағдайы (дөрекілік, зорлық-зомбылық, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы және т.б.) қауіптілік сезімі мен зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудыратынын, ол өз өзіне қол жұмсауға алып келетінін немесе бала тағдырын бұзатынын түсіндіріп, кез келген адам баласына көмек қажет екенін, бала – өздігінен қорғана алмайтындығы болмаса, ол да қоғамның толық құқылы мүшесі екені жайлы мағлұматтар берді.
  
  
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив