Қамқоршылық кеңес № 3 отырысының ХАТТАМАСЫ » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2023

Қамқоршылық кеңес № 3 отырысының ХАТТАМАСЫ

Қамқоршылық кеңес

№ 3  отырысының

ХАТТАМАСЫ


Өткізілген уақыты: 20.02.2023ж

Қатысқандар: қамқоршылық кеңестің 7 мүшесі


Күн тәртібінде:

1.Білім сапасын жақсарту мақсатында «Зерттеу сабақтары» тәсілін оқыту үрдісінің барысымен танысу

2.Наурыз мерекесін ұйымдастыру

3. Әр түрлі мәселелер


Қаралды: Қамқоршылық кеңесінде

Бақылау түрі: тақырыптық


Тыңдалды:


          Бірінші мәселе бойынша директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Н.Нұрпейісов сөз алып,2022 жылдың кыркүйек айында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және озық іс-тәжірибелерді таратудың тиімді құралы ретінде сабақты зерттеу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында мектепте «Сабақты зерттеу топтарының жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында жиналыс өткенін және жиналысқа мектеп директоры, директордың орынбасарлары мен әдістемелік жетекшілері қатысып, білім беру жағдайында сабақты зерттеу топтарының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері талқыға түскені жайлы баяндады. Жоспарланған сабақты зерттеу үрдісіне мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің барлығы қамтылды.

         Наурыз мерекесін ұйымдастыру бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөз берілді. Наурыз мерекесіне әр түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда. «Наурыз-көктем» атты фото көрмелер ұйымдастыру және «Ұлттық ойын - ұлт игілігі» атты ұлттық ойындар өткізілуі. «Игі істер» күнін өткізу т.б.көптеген іс-шаралар жоспарланады.

Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары құқық айлығы барысында өткен іс-шаралармен таныстырып, мектепішілік қауіпсіздік жайлы сөз өрбітті.

       Күн тәртібіндегі мәселелер қарастырылғаннан кейін кеңес мүшесі сөз алып, аталған іс шараларды оқушылар мен қамқоршылық кеңес мүшелері бірге шешуге белсенді түрде атсалысу керектігін ескертті.

2022-2023 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің мүшелері күн тәртібіндегі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және озық-іс тәжірибелерді таратудың тиімді құралы ретінде сабақты зерттеу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және наурыз мерекесіндегі іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді талқылай келе, кеңес мүшелері бір ауыздан келісіп, шешім қабылдады.



Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                        Р.Қошқарбаева

        

                                                 Хатшы:                         Ж.Искакова                                                

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив