Қамқоршылық кеңесінің №2 хаттамасы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2021

Қамқоршылық кеңесінің №2 хаттамасы

«Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО»КММ бойынша № 1 Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
 03.11.2021ж. Алдабергенов ауылы
 

Қатысқандар:
 1.Мектеп директоры: Р.Темербеков
 2.Директордың оқу-тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары-А.Самылтырова
 3.Директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарлары- Ж.Искакова, Е.Ешмұханбет
 4. Мектеп психологтары- А.Шагамбаева, Р.Қалқабаева:
 5.Әлеуметтік педагог- А.Білісбекқызы
 6.Кошкарбаева Рахима Дармешовна – Қамқоршылық Кеңес төрайымы
 7.Арғынбаева Майра- Қамқоршылық Кеңесінің орынбасары
 8. Касымова Анесхан- Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі
 9.Аязбаева Үміт Есенгельдиновна- Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі
 10.Мамырова Динара Айдарбековна- Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі
 Күн тәртібінде:
 Қайырымдылық акциялары кезінде оқущшыларға көрсетілген көмектер хабарламасы 

  Ескелді ауданы Байысов орта мектебінде 2017 жылдан бастап "Қамқоршылық кеңесі" құрылды.   Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаты: бірыңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу. Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау. Ескелді ауданы Байысов орта мектебінің қамқоршылық кеңес мүшесінің төрайымы болып Қошқарбаева Рахима Дәрмешқызы сайланып, жоспарға сай жұмыстар жүргізуде.Өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан көп үміт күтеді. Акцияның мақсаты – мектеп жасындағы балаларды оқумен қамту, әсіресе әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына материалдық көмек көрсету.Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыруда. Мектептің барлық сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады.Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, түсіністікпен қараған, жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауыл азаматтары мен жеке кәсіпкерлер өз көмектерін көрсетті.«Мектепке жол» акциясына жауап ретінде мектебіміздің ұстаздары мен мектеп әкімшілігі 10 оқушымызға   мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын алып берді. Алдабергенов округінің әкімі Садырбаев Жалғас Бақытұлы мен Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қошқарбаева Рахима Дәрмешқызының  ұйымдастыруымен Алдабергенов ауылының азаматтары «Мектепке жол» акциясына ат салысып, мектебіміздің 18 оқушысына мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын алып беріп,  үлкен көмектерін көрсетті.2021-2022 оқу жылының басында жасалған әлеуметтік паспорт аясында мектепте атаулы әлеуметтік көмек алатын 80 оқушы 48 отбасы, 48 аз камтылған оқушы анықталды. “Атамекен” порталына тіркелген 21 оқушыға мектепке құрал-жабдықтар, жылы киімдер алынып берілді. Демеушілер тарапынан 10  оқушыға аяқ киім алынды. Жоспар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 78 оқушыға «Мектепке жол» акциясы бойынша оқу құралдары берілді. Үйлеріне тұрмыстық жағдайын тексеру актісі жасалып, Жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақ тізіміне өтініштері қабылданып, 77 оқушы қосылды. 20 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар жалға алушы есебінен тамақтануда. Аз қамтылған отбасына көмек акциясы бойынша  спонсорлық көмек ретінде Азизов Садвали Курбанұлы үйде оқитын оқушыға сырт киім алып берді. 29.10.2021 жылы Қамқоршылар күніне орай бейнеролик әзірленіп, мектеп ішінен қамқоршы ананың аудан орталығында өткен іс-шараға қатысуы қамтамасыз етілді. Іс-шара барысында қамқоршы марапатталып, білім бөлімі тарапынан алғыс хат табысталды. Қайырымдылық акция барысында тек материалдық көмек көрсетіліп қана қоймай, көпшілік жан жылуын сыйлауды да естен шығармады. Қайырымдылық жасау әр азаматтың парызы десек, жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу әр ата-ана мен ұстаздардың ғана емес, баршаның міндеті. Бұл акция тұрмыстық жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға көп септігін тигізеді деген ойдамыз.Осы оқу жылында 1-11 сыныптар арасында «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі» тақырыбында қамқорлық кеңес мүшелерінің қатысуымен барлық сыныптардың ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларын әлеуметтік желілерге отырғанда қадағалаудың түрлері, баланың психо-эмоционалдық жағдайы туралы кеңес мүшелері сөйледі. Балаларымен әңгіме кеңес жүргізіліп, балаларды қадағалау керектігі түсіндірілді. Әртүрлі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта көбейіп кеткен қоғам үшін қаупі мол ойындарға балалардың кірмеуі қатаң қадағалануы қажет екені айтылды. Сонымен қатар балалардың қалта телефонындағы әлеуметтік желілерді ата-ана тарапынан үнемі қадағалап отыруы қажет екеніне баса назар аударылды.Қамқоршылық кеңес мектеп пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас құралы болуы қажет. "Қамқоршылық кеңестің" жұмысы әлі де жалғасын табады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:             Ж.Б.Искакова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив