Тәрбие жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы
05
сентябрь
2022

Тәрбие жұмыс жоспары 2022-2023 оқу жылы

БЕКІТЕМІН

                                                                                                                            Мектеп директоры

 ___________Р.С.Темербеков

«____»   ____________  2022ж 





ҚР «Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Байысов орта мектебі МДШО» КММ

2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 

2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдерін құру аясында 

тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың 

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ



ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2019 жылғы «15» сәуірдегі№145 бұйрығына 2-қосымша, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады.

Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрдегі бірлескен жұмыс


Тәрбие жұмысының  мақсаты:


  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145  бұйрығы негізінде 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыруды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жұмыс жүргізу;
  • Мектеп оқушыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, 
  • Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау,
  • Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
  • Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында жастар патриотизм тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса мән береді.

Тәрбие жұмысының  міндеттері:


  1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
  2. Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
  3. Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
  4. Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету. 
  5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басшылыққа алуына ықпал ету.
  6. Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. 
  7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
  8. Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
  9. Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру.
  10. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған     жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, ұлт ететін мәдени-генетикалық кодтың негізі.


Күтілетін нәтижелер:

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:

  • Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықты аясын; Білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейін;
  • Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениеткеқұрметі;
  • Рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; 
  • Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруді;
  • Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуын;
  • Тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды;
  • Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;
  • Табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. 
  • Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.


Іске асыру тетіктері


  •  Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негіз болады.


Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі: 


  1. «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
  3. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл; 
  4. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы; 
  5. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
  6. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы;
  7. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
  8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. 
  10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында ӛлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері. 



ТӘРБИЕНІҢ  БАСЫМ   БАҒЫТТАРЫ:


Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды.


1.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

2. Рухани-танымдық тәрбие

3. Ұлттық тәрбие

4.Отбасылық тәрбие

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру



2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар ұсынылады:

  • «Оқуға құштар мектеп»; 
  •   «Отбасы – орта мектеп»;
  •  «Еңбек – елдің мұраты»;
  • «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет» 
  • «Қоғамға қызмет»
  • «Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру» 
  • «Қоғамға қызмет»;
  • «Мектептегі бір күн»;
  • «Дебат» қозғалысы; 
  • Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары; 
  • «Өзін-өзі басқару күні», «Өзін-өзі басқару аптасы» жобалары;
  •  «Музей сабақтары» – «Музей күні» жобасы;
  •  «Театр сабақтары» жобасы. 


Мектепішілік тәрбие жұмысыныңәдістемелік тақырыбы:

  • Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру;



р/с

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі


I. Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

1.1

Тәрбие жұмысының қызметін регламенттейтін нормативтік құжаттаманы зерделеу

Нормативтік-құқықтық база


тамыз

1.2

Мектептегі тәрбие жұмысының қызметі бойынша нормативтік-құқықтық база әдістемелік сағаты

Хаттама


02.09.2022ж.





II. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету

2.1

Тәрбие жұмысының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспарын жасау және бекіту

Бекітілген жұмыс жоспары


тамыз

2.2

Тәрбие жұмысының жоспарын құру бойынша сынып жетекшілеріне кеңес беру

Топтағы жұмыс жоспары


31.08-2.09.2022ж.

2.3

Тәрбие жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу

Сынып жетекшінің құжаттамасы


Жыл бойы

2.4

Сыныптың әлеуметтік картасын жасау

Әлеуметтік карта


5-9.09.2022ж.

2.5

«Тәуекел тобындағылармен» сауалнама жүргізу

Сауалнама талдауы


12-16.09.2022ж.

2.6

Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігін сайлау

Хаттама


Жоспарға сәйкес

2.7

Қамқоршылық кеңестің құрамын бекіту 

Хаттама

Қамқоршылық кеңес төрағасы

Жоспарға сәйкес


ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар








Бірінші бағыт – Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): 
  2. Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
  3. ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, гимн, ту), құқықтық тәртіпке;
  4. Елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
  5. Өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
  6. Басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
  7. Өз өлкесінің табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
  8. Құқықтық білімге, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрысына; Заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; Әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту.


Екінші бағыт – Рухани-танымдық тәрбие

Мақсаты:Адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас қалыптастырады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): 
  2. Мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына;
  3. Өзінің қасиетіне, арына және парызына; 
  4. Ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына;
  5. Өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына; 
  6. Діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; 
  7. Ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; 
  8. Түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне; 
  9. Өз ата-анасына, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру. 


Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие

Мақсаты:Құндылықтар жүйесін қалыптастыру қазақ тілін білу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен мемлекеттік рәміздері туралы жарыстар мен олимпиадалар өткізу; әрбір мектепте музейлер ашу; атақты спортшылар, ғалымдар, көрнекті тұлғалар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарымен кездесулер; сонымен қатар, өлкенің тарихи-мәдени мұраларына жататын объектілерінде мектеп оқушыларына өлкетану бойынша тақырыптық сабақтар өткізу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): 
  2. Этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; 
  3. Мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; 
  4. Өз халқының мәдени мұрасына; 
  5. Қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына;
  6. Қазақстанның этномәдениетіне; 
  7. Этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту. 


Төртінші бағыт – Отбасылық тәрбие

Мақсаты:Құндылықтарды қалыптастыру болып табылады: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): 
  2. Этноәлеуметтік рөлдерге;
  3. Өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға; 
  4. Адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау. 


Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты:оқушылардың бойында: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтар қалыптастыруға көмектеседі.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): 
  2. Экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
  3. Экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; 
  4. «Адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; 
  5. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке; 
  6. Кәсіби білім мен өнімді еңбекке; 
  7. Нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; 
  8. Экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; 
  9. Еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; 
  10.  Мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.


Алтыншы бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: Эстетикалық сана-сезім; эстетикалық талғам мен сезім; қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да этностар мен этникалық топтардың ұлттық мәдениет құндылықтарын көркемдік-эстетикалық қабылдау.

1.     Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):

2.     Толеранттылық және ғаламдық пікір; 

3.     Көпмәдениеттілік және көптілділікті; 

4.     Мәдениетаралық әрекет; 

5.     Мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; 

6.     Қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын; 

7.     Қарым-қатынас мәдениетін; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына;

8.     Шығармашылық ой мен қиялға, шығармашылық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту.


Жетінші бағыт – Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты:Білімнің құндылығын; зияткерлік позицияның құндылығын; әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығы құндылығын; ал ақпараттылық мәдениеті – кибермәдениетті және кибергигиенаны қалыптастырады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): 
  2. Өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; 
  3. Сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; 
  4. Зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; 
  5. Пікірталас жүргізу дағдыларына; 
  6. Жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпараттың түрлі дереккөздеріне; 
  7. Қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына; өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа;
  8. Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; 
  9. Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; 
  10. Ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;
  11. Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.


Сегізінші бағыт – Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мақсаты:Салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы қалыптастырады.

  1. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): 
  2. Денсаулық жағдайының скринингіне; 
  3. Әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; 
  4. Теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; 
  5. Табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; 
  6. Денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа; 
  7. Өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылық; 
  8. Қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; 
  9. Денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.





І Бағыт. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.


Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

Алғашқы қоңырау  1 сыныпты «Кел, балалар,  оқылық!» 

2-11 сыныптарда «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»  тақырыбында республикалық  сынып сағаты, ашық сабақ.

«Менің мектептегі алғашқы күнім» тақырыбында 1 сынып оқушылары, «Менің жарқын жазғы оқиғаларым» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары, «Менің ойларым, армандарым, үміттерім» тақырыбында 9-11-сынып оқушылары  арасында бейнеролик түсіру

Ақпарат

ДТІЖО Ж.Искакова

Педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы

Сынып жетекшілер

01.09.2022

«Экстремизм мен терроризмге  жол жоқ!» апталығын ұйымдастыру

Анықтама

ДТІЖО Ж.Искакова

Е.Ешмұханбет

18-22.10.2022

"Тәуелсіз ел патриоты» жайдарман  4-10 сыныптар

Жоспар, анықтама

ДТІЖО Е.Ешмұханбет

Педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы

18.11.2022

Президент күніне арналған іс-шаралар: тәрбие сағаттары шығарма, 

мәнерлеп оқу байқауы, кинофильм көру. 

Жоспар, анықтама

ДТІЖО Ж.Искакова

Сынып жетекшілер

Педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы

29.11.2022

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне апталық шаралар ұйымдастыру. «Туған елге тағзым»  сынып сағаты 2 сынып

«Тәуелсіз елім – тірегім» мерекелік жиын 3 сынып

ҚББ ақпарат

ДТІЖО Е.Ешмұханбет 

Сынып жетекшілер

15.12.2022

«Құқықтық сана-қауымға пана»  дөңгелек үстел

6-8 сыныптар 

Жоспар, анықтама

Е.Ешмұханбет

Сынып жетекшілер

12.01.2023

Адал ұрпақ     «Шынайы және сатылмайтын еңбек» тақырыбында  оқушылар арасында әңгіме

Анықтама

Педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы

07.02.2023

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке шақыратын пікір-сайыс, акцияларды оқушылар арасында ұйымдастыру

Анықтама

Е.Ешмұханбет

А.Ахметқызы 

Сынып жетекшілер 

14.03.2023

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР заңдарын оқушылар арасында таныстырусынып сағаттарын өткізу.

Анықтама

ДТІЖО Е.Ешмұханбет

Әлеуметтік педагог А.Блисбек

11.04.2023

«Жас патриот» сайысы

«Ұлы Жеңіс» мерекесіне арналған сынып сағаттары, мерекелік жиын


Жоспар, анықтама

Педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы 

Сынып жетекшілер

06.05.2023



ІІ Бағыт: Рухани-танымдық тәрбие 

Мақсаты: Адамгершілік бейне, адамгершілік сана-сезім; құндылықты сезімдер мен ізгілік қасиеттер, ар-ұят, намыс, парыз, сенім, жауапкершілік, жолдастық, мейірімділік, ұят, табандылық, қайырымдылық, ынтымақтастық, ұлттық келісім құндылығы, өзге халықтардың мәдениеттін, салт-дәстүрін және тілін құрметтеу және дәріптеу құндылығы; өмірге деген этикалық жауапкершілік көзқарас қалыптастыру.

Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындау мерзімі

1

Мектепте «Қоғамға қызмет» волонтерлық әлеуметтік жобасын – «Мектепке жол», «Қамқорлық» акцияларын ұйымдастыру

Жоспар,

Анықтама

Әлеуметтік педагог А.Блисбек

Тамыз,

қыркүйек

2

Қазақ халқының ұлы биі Қазыбек Келдібекұлының туғанына 355 жыл толуына орай сынып сағаттары 

Жоспар,

Анықтама

ДТЖО Ж.Искакова

Тіл мамандары

08.09.2022

3

«Адамзаттың ұлы ұстаздары» ұстаздар күніне мерекелік шара өткізу

Сценарий

Пед-ұйымдастырушы

А.Ахметқызы 

04.10.2022

4

 Қош келдің «Жаңа жыл»

Сценарий

фотосурет

ДТЖО Ж.Искакова

Е.Ешмұханбет

29.12.2022

5

Оқушылар арасында «Мейірбандық – адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз» тақырыбында түрлі мамандық иесі болған  еңбек ардагерлерімен «Қарттар күніне» орай  еңбек ардагерлерімен кездесу

Анықтама

ДТЖО Ж.Искакова

Пед-ұйымдастырушы

А.Ахметқызы 

01.10.2022


6

Әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл. «Ән шырқайық бәріміз» байқауы

Сценарий

ДТЖО Ж.Искакова

Пед-ұйымдастырушы

А.Ахметқызы 

16.01.2023

7

«Мейірбандық – адамның барлық адамгершілігіне түрткі болатын негіз» атты оқушылар арасында дискуссия

Анықтама

Психологтар А.Шағамбаева

Р.Қалқабаева

11.02.2023

8

Оқушылар арасында «Кітап оқу сәні» айдарымен  «Оқымысты сынып» конкурстары,  «Жазғы оқылым», «Кітап бәйгесі», «Отбасымен қосылып оқу», буккросингтер, кітап көрмелері, кездесулер, кітап оқу сағаттары, т.б. ұйымдастыру

Жоспар,

Анықтама

Кітапханашы

Г.Оразбаева

Р.Мажитова

Тоқсан сайын 

9

«Жол ережесін білеміз бе?» сынып сағаттар,  оқушылар арасында сайыс өткізу

Анықтама

Сынып жетекшілер

АӘД пәнінің мұғалімі

 М.Дабыров

04.04.2023

10

Оқушылар арасында  «Қайырымдылық жасампаз күш» тақырыптарында эсселер жаздыру

Анықтама

Тіл мамандары

04.05.2023




ІІІ Бағыт: ұлттық тәрбие

Мақсаты: жеке тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне,  Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсету

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

«Тілім-менің тірегім» тілдер мерекесіне апталық жоспарын жасау, шаралар өткізу ( 06-13 қыркүйек аралығы)

Анықтама

Тіл мамандары

06.09.2022

2

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі М.Әуезовтың туғанына 125 жыл 

Жоспар,

Анықтама

ДТЖ

О Ж.Искакова

Тіл мамандары

28.09.2022

3

Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл - сынып сағаты 10 сынып сағаты

Анықтама

Сынып жетекшілер             

15.10.2022

4

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай сынып сағаты

Анықтама

ДТЖО Ж.Искакова

Тіл мамандары

12.11.2022 

5

«Қош бол, құтты әліппем» әліппемен қоштасу кеші

Сценарий

ақпарат

Сынып жетекшілер

22.12.2022

6

 «Ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз» музейге экскурсия 

Анықтама

Сынып жетекшілер

18.02.2023

7

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»     «Туған өлкенің тарихы»  ашық сынып сағаты

«Қош келдің, Әз-Наурыз!» танымдық сағат

Анықтама

Е.Ешмұханбет 

Пед-ұйымдастырушы

А.Ахметқызы

Сынып жетекшілер

10.03.2023

8

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар арасында сенбіліктер ұйымдастыру

Анықтама

ДТІЖО Ж.Искакова

Е.Ешмұханбет

Сынып жетекшілер

15.04.2023

9

«Музей сабақтары» музейге экскурсия 7-сынып

Анықтама

Музей жетекшісі Г.Миралиева

13.05.2023









IV Бағыт: Отбасылық тәрбие

Мақсаты: неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу; толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.


Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

«Отбасы күнін» мерекелеу аясында  «Отбасы-бақыт мекені»    апталық өткізу. Арнайы жоспарлар әзірлеу Бала тәрбиесіндегі отбасы ролін көтеру. «Отбасы бақыты» сынып сағаты 4 сынып

Жоспар, анықтама

ДТІЖО Ж.Искакова

06-10.09.2022 

2

«Ұлттың дәстүрі отбасынан бастау алады» оқушылар арасында сұхбат алу

Анықтама

Сынып жетекшілер

06.10.2022

3

Құндылықтарға негізделген білім беру жобасы аясында «Баламен қалай сенімді қарым-қатынас орнатуға болады»  ата-аналарға арналған психологиялық тренинг ұйымдастыру

Анықтама

Психологтар

А.Шағамбаева

Р.Қалқабаева

17.11.2022

4

Жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар (Ашық баяндамалар) өткізу

Қоғамдық тыңдаулар

ДТІЖО Ж.Искакова

14.12.2022

5

« Ата-аналарға «Отбасылық өмір этикасы» әңгімелер жүргізу.

Форум

Сынып жетекшілер

Әлеуметтік педагог 

А. Блисбек

13.01.2023

6

«Менің отбасымдағы орным» сауалнама жүргізу.

Сауалнама

анықтама

Әлеуметтік педагог

А. Блисбек 

Психологтар

А.Шағамбаева

Р.Қалқабаева 

Сынып жетекшілер

09.02.2023

7

«8 наурыз – Халықаралық Аналар күніне» арналған «Әжем, анам және мен» отбасылық байқауы

Сценарий

Пед-ұйымдастырушы

А.Ахметқызы

07.03.2023

8

«Әкем-асқар тауым» эссе, ашық сынып сағаты  

Анықтама

Сынып жетекшілер

08.04.2023

9

«Мен мектепке барамын» даярлықпен қоштасу

«Бастауышым- бал бұлағым» бастауышпен қоштасу  4-сынып

Сценарий

Сынып жетекшілер


28.04.2023

10

«Ең үздік отбасы» тақырыбында әрдайым белсенді қатысатын ата-аналарды  марапаттау

Анықтама

ДТІЖО Ж.Искакова

20.05.2023





V Бағыт: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: еңбек ең жоғары құндылық ретінде; шығармашылық еңбек; еңбек мәдениеті; экономикалық сана-сезім; мамандық; мансап; функционалдық сауаттылық; компьютерлік сауаттылық; жаһандық экологиялық сана-сезім; экомәдениет құндылығы, экологиялық мәдениет; табиғатқа ерекше құндылық ретіндегі сүйіспеншілік сезімі; туған жерге және кіші Отанға деген сүйіспеншілік сезімі тәрізді құндылықтарды қалыптастыру

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Оқушыларды түрлі үйірмеге тарту.Үйірме жұмысы кестесін құру.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

«Біз экономика туралы не білеміз?» әңгіме жүргізу.         

Жоспар,  анықтама

ДТІЖО

Ж.Искакова

Сынып  жетекшілер

21.09.2022

2

 «Алтын күз» кеші

«Табиғатты аялайық» сурет байқауын 1-11-сыныптар аралығында өткізу

Анықтама 

Педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы

Сынып жетекшілер

20.10.2022

3

«Экологияны күту әр нақты адамнан басталады» сынып сағаттары, экочелендждер ұйымдастыру

Анықтама 

Педагог-ұйымдастырушы  А.Ахметқызы 

Сынып жетекшілер 

15.11.2022

4

«Табиғат - анаң, оны қорға, балам!» тақырыбында жас ақындар байқауын өткізу.

Анықтама 

Педагог-ұйымдастырушы  А.Ахметқызы 

Тіл мамандары

13.12.2022

5

«Іскерлік қарым-қатынас этикасы»  оқушылар арасында сынып сағаттарын өткізу

анықтама

Сынып жетекшілер

10.01.2023

6

«Жарнама жасау өнері» оқушылар арасында байқау ұйымдастыру Блогерлік

Анықтама 

Педагог-ұйымдастырушы  А.Ахметқызы 

17.01.2023

7

«Жаңа басшы нені білуі және не істей алуы керек?» тақырыбында оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыру

Анықтама

Педагог-ұйымдастырушы  А.Ахметқызы 

Сынып жетекшілер

03.03.2023

8

«Мектеп ауласын гүлдендірейік»  оқушылармен жұмыс

анықтама

Биология пәнінің зертханашысы 

11.04.2023

9

«Экологияның басқа ғылымдармен байланысы» дөңгелек үстел 

Жоспар, анықтама

Биология және география пәні мұғалімдері

05.05.2023










VI Бағыт: көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнермен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдени орта құру.



Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Ереже – мектептің негізгі заңы, мінез-құлық ережемен таныстыру

Мәлімет 

Педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы 

Сынып жетекшілер

23.09.2022

2

«Мектептегі өнерлі оқушылар» атты кеш ұйымдастыру

Анықтама 

Музыка пәнінің мұғалімі            Т.Бекбосынов

26.11.2022

3

Этнограф, өнертанушы, журналист Ақселеу Сейдімбекке 80 жыл. Оқырмандар  кеші

Анықтама

Тіл мамандары

03.12.2022

4

Мәдени орындарға, мұражайларға экскурсия жасау

Анықтама 

Сынып жетекшілер

13.01.2023

5

«Мамандығым – мақтанышым» ашық сынып сағаты 11-сынып. 

Фото, анықтама

Сынып жетекшілер

 Л.Акылова, А.Байтұрбаева

02.02.2023

6

«Кешірім қалай сұрау керек?» оқушылар арасында сауалнама жүргізу.               


Сауалнама, анықтама

Сынып жетекшілер

Психологтар А.Шағамбаева

Р.Қалқабаева

Әлеуметтік педагог А.Блисбек

02.03.2023

7

«Алақай, жаз!» оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

анықтама

Мектеп әкімшілігі

31.05.2023



VII Бағыт:  зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Мақсаты: білімнің құндылығын; зияткерлік позицияның құндылығын; әр тұлғаның көшбасшылық қасиеттері мен дарындылығы құндылығын; ақпараттылық мәдениеті – кибермәдениетті және кибергигиенаны қалыптастыру.

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Дарынды оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін, дарындылығын дамыту жұмыстары.

Оқушыларды     үйірмелерге, жобалық олимпиадаларға қатысуын қадағалау

Анықтама 

Пән мұғалімдері

Сынып жетекшілер

06.09.2022

2

«Оқушының өздігінен іздену жұмыстары» туралы әңгімелер жүргізу.

 Ғылыми зерттеулер. Оқушыларды ғылыми жобалауға қатыстыру.

Анықтама

Пән мұғалімдері

04.10.2022

3

«Шығармашылық-шыңдайды шеберлігін» оқушылар арасында көрме байқауын ұйымдастыру

Анықтама

Пән мұғалімдері

15.11.2022

4

Оқушылар арасында «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында эссе  байқауын ұйымдастыру

Анықтама

Пән мұғалімдері

05.12.2022

5

«Ұшан ой алаңы» атты дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, ой толғаулар, топтық жұмыстар ұйымдастыру 

Анықтама

Дебат жетекшісі

17.01.2023

6

«Білекті бірді-білімді мыңды жығар» зияткерлік сайыс 5-10 сыныптар


Хаттама

Педагог- ұйымдастырушы А.Ахметқызы

16.02.2023

7

«Қауіпсіз интернет» балалардың зорлық-зомбылық пен суицидті насихаттайтын кейбір сайттар туралы оқушылардың пікірлері, көзқарастарын тыңдау

Анықтама

Әлеуметтік педагог     А.Блисбек

Психологтар А.Шағамбаева

Р.Қалқабаева

20.04.2023

8

Оқушыларға «Өмір құндылығы» туралы фильмдерді көрсету арқылы өз ойларын ортаға салу және талдау. 

Мәлімет

Әлеуметтік педагог      А.Блисбек 

Психологтар А.Шағамбаева

Р.Қалқабаева

13.05.2023


VIII Бағыт: дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Мақсаты: салауатты өмір салты, дене тәрбиесі мен спорт, физикалық жетілдіру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығы қалыптастыру.


Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

Оқушылардың спорт секциялары мен қамтылуын бақылауда ұстау

Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары. Бала жасына сәйкес санитарлық білім беру

«Денсаулық зор байлық» іс-шарасы бойынша түрлі спорттық жарыстарды  ұйымдастыру.

Жоспар, анықтама

Сынып жетекшілер

Медбике А.Тәңірбергенова

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері 

05.09.2022

2

«Жат әрекеттен сақтан!» оқушылар арасында салауатты өмірге насихат жұмыстарын жүргізу.

Спорттық сайыстар ұйымдастыру «Көңілді сөре»  

Анықтама 

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері 

Сынып жетекшілер

29.10.2022

3

«Туберкулез жұқпалы ауру» тақырыбында оқушылар арасында диктант алу.

 «Зиянды заттардан сақтан!» оқушылар арасында челендж ұйымдастыру.

Наркобекет топ отырысы.

Анықтама 

Медбике А.Тәңірбергенова

26.11.2022

4

«Бала бойы уланбасын» арнайы маман дәрігерлермен кездесу өткізу.

«Спорт – менің досым» спорт сайыстарын     ұйымдастыру             

 «Жат әрекеттен сақтан!» қабілеттілікті арттыру сайысын ұйымдастыру.

Жоспар, анықтама

Медбике А.Тәңірбергенова

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері

Сынып жетекшілер   

22.12.2022

5

Оқушылар арасында «Жат әрекеттен сақтан!» тақырыбында кинофильм көрсету.

Арнайы маман дәрігерлермен кездесу.

Анықтама 

Медбике А.Тәңірбергенова

19.01.2023

6

 «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлт денсаулығын сақтау!», «Мен салауатты өмірді қолдаймын!» онкүндік /бөлек жоспар/

Анықтама

ДТІЖО Е.Ешмұханбет

11.02.2023

7

«Денсаулыққа зиян келтіретін факторларлар» психологтармен сауалнама жүргізу 

Анықтама

Психологтар

А.Шағамбаева

Р.Қалқабаева

28.03.2023

8

«Дені саудың – тәні сау!» дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ сайыстарын     ұйымдастыру 

Анықтама

Дене тәрбиесі мұғалімдері

29.04.2023

9

«Денсаулық - зор байлық» 8-9-сыныптар арасында спорттық  сайыстар өткізу  

Анықтама 

Дене тәрбиесі мұғалімдері

20.05.2023













Мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары:                        Ж.Искакова


    Мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары:                        Е.Ешмұханбет


                                                          Педагог-ұйымдастырушы:                       А.Ахметқызы                
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив