Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Өлкетану» бағытында ашылған мұражай » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Өлкетану» бағытында ашылған мұражай
30
ноябрь
2021

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Өлкетану» бағытында ашылған мұражай

Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме екені белгілі. Мұражай - ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына зор ықпал етеді.
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов атындағы ауыл құнды мұраларға өте бай. Соғыс жылдарынан кейінгі қиын жылдары ауыл мәдениетін көтеру үшін тыным таппай ауыл тұрғындары жұмыс істеді. Ол кезде олар өздерінің ертеңгі тарихта қалатынын білген де жоқ. Болашақ ұрпақтың есінде мәңгі сақталып, олармен мақтану үшін Еңбек Ерлерінің аты мәңгілікке тасқа қашалып жазылды. Ауылымызда тасқа қашалып жасалған 21 батыр атындағы аллея бар. Аллеяда 20 Еңбек Ері және Ұлы Отан Соғысының батыры ескерткіштері орналасқан. Біздің ұрпағымыз өз ауылдарының Еңбек Ерлерін есінде мәңгі сақтау үшін әрбір сыныпқа батырлар туралы ғылыми-зерттеу жұмысы берілді. Батырлар туралы көптеген мәліметтер жинақталды. Сонымен қатар мектепішілік зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Мұражайды ашу үшін көптеген еңбек істелді, мектеп ұжымы, оқушылар ауыл тұрғындары атсалысты, жәдігерлер 2016 жылдан бастап жинала басталды. Мектепте штаб құрылып, штаб жетекшісі болып география пәнінің мұғалімі Г.Миралиева бекітілді. Штаб құрамы 6 «А» және 10 «А» сынып оқушыларынан тұрады.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Өлкетану» бағытында ашылған Ұлы Отан Соғысының батыры Матай Байысов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы Алдабергенов ауылы «Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО» КММ-де орналасқан. Мұражайды ашудағы мақсат: «Өскелең жас ұрпақтың бойындағы рухани-адамгершілік, жалпыадамзаттық құндылықты жаңғыртып, дамыту.
Мұражай қорында 500 –ге жуық жәдігер - экспонаттар жиналған. Олар мектеп тарихы мен ауыл жәдігерлерінен тұрады.
Мұражай 6 бөлімнен құралған, олар: Мектеп тарихы, табысты түлектер, Ұлы Отан Соғысының батыры Матай Байысов, Екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов, Ұлы отан соғысының тыл және еңбек ардагерлері, ауыл тарихы.
2018 жылдың 18 мамыр күні өткен мұражайдың ашылуына арналған салтанатты іс-шараға ауыл тұрғындары, «Жетісу» телеарнасы, Ескелді ауданының білім бөлімі қызметкерлері қонаққа шақырылды. Сондай-ақ құрметті қонақ ретінде Ұлы Отан Соғысының батыры Матай Байысовтың келіні және немере, шөберелі шақырылды.
Совет Одағының Батыры М.Байысов атындағы тарихи-өлкетану мектеп мұражайын ашу рәсімін орындау үшін құрмет лентасын кесу Н.Алдабергенов атындағы ауыл мұражайының көп жылдар бойы директоры болған, «Жетісу облысының құрметті азаматы», еңбек ардагері Тергеуова Шайбала апайға сенім артылып берілді.
Сонымен қатар мұражайдың ашылуына қол ұшын созып, көмек көрсеткен ауыл азаматтары: Жуанышбеков Саят Төркінбайұлы, Шағанбаев Дубек Шағанбайұлы, Тікенбаев Арыстанбек Нұрақұлұлы, Рая Леонидовна Абиева, Дауытов Рысқұл алғыс хатпенен марапатталды.
Мектеп оқушылары мен қонақтар мұражайдағы жәдігерлер мен экспонаттар туралы естіп қана қоймай, көзбен көріп, қолмен ұстап, өткен тарихқа саяхат жасай алады. Ауыл тарихын терең оқып-білу үшін Ұлы Отан Соғысының батыры Матай Байысов атындағы тарихи-өлкетану мұражайында 5-11 сынып оқушылары арасында апта сайын музейге саяхат ұйымдастырылып, М.Байысовтың қолданған тұрмысқа қажетті бұйымдары және еңбек құралдарымен, мектеп тарихына қатысты көптеген құнды материалдармен таныстырылады. М.Байысовтың өмірі мен ерен еңбектері, ауыл белсенділері жайлы мағлұматтар тұрақты түрде беріліп тұрады.     

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив