01
октябрь
2022
Қарттар күні
1 қазан Қарттар күніне орай 5 «а» сынып оқушыларымен "Қарттарым-асыл қазына" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына зейнеткер ұстаз Молдыбаева Фарида Молдаханқызы шақырылып, кездесу кеші ұйымдастырылды. Тәрбие сағаты барысында оқушылар қарттарға арнап қарасөздер, өлеңдер оқыды. Топпен "Асыл ана", жұппен "Ұстазым" әні орындалса, қыздардың орындауында "Қамажай" биін тамашалады. Сабақтың соңында ардагер ұстазға рақмет айтып, сөз кезегі берілді. Зейнеткер ұстаз Фарида Молдаханқызы оқушыларға өз ақыл-кеңестерін айта келе, кездесудің тамаша өткеніне алғыс білдірді.


https://www.instagram.com/p/CjN9y55Ltm0/?utm_source=ig_web_copy_link