Мектебім-Мейірім мекені

Жоспар бойынша Байысов орта мектебі алаңында «Мектебім-Мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өтті. Жиынға 676 оқушы қатысты. Алаң жалаушалармен, плакаттар және баннермен безендіріліп, білім күніне арналған жүргізу бағдарламасы құрылды. Салтанатты жиын 1-сынып оқушыларын қарсы алумен басталды. Келесі кезекте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалып жиын ашық деп жарияланды.
Салтанатты жиынның алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Р.Темербековке беріліп, ауылдық округ әкімі Ж.Садырбаев сөз алып, жиналған қауымды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сонымен қатар, 1 сынып және 11 сынып ата-аналары қатысып, биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге ізгі тілектерін білдірді.
Ата-аналар атынан 1 сынып оқушысының анасы Андасбекова Фарида ұстаздар еңбегін жоғары бағалап, оқушыларға 2024-2025 оқу жылында сәттілік тілесе, 11 сынып оқушылары бүлдіршіндерге мектеп құралдарын табыс етті.
Күміс қоңырауды 1 сынып оқушылары Мамыров Арлан, Базарханова Айкөркем және 11 сынып оқушысы Қанағат Арсен соғып, шаттықтың құшағында ұрпақтар сабақтастығының әдемі көрінісін жұрттың көз алдынан өткізді.
Кезекшілік ұйымдастырылып, тәртіп бұзушылық орын алған жоқ.
«Мектебім-Мейірім мекені» салтанатты жиыны жоспарланған іс-шаралар бойынша толығымен атқарылып, өз нәтижесін берді.