Ұстаздар күні
30.09.2022ж. "Ұстаздар күніне" орай 8-сынып оқушылары ұстаздарды шармен, әуенмен қарсы алып, 10-11 сынып оқушылары бейнеқұттықтау арқылы жылы лебіздерін білдірсе, 5-6 сынып оқушылары ұстаздарға арналған қабырға газеттерін ілді. Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-ұйымдастырушының ұйымдастыруымен мектеп мәжіліс залында "Ұстаздар күніне" арналған «Адамзаттың ұлы ұстаздары» атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында ауыл әкімі Садырбаев Жалғас Бақытұлы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, мектепішілік тәрбиелік іс-шараларға атсалысқан ұстаздарды марапаттаса, мектеп директорының орынбасары Нұрсейітов Нұрлан Нұрсадықұлы аудан тарапынан марапатталған ұстаздарға алғыс хат табыстады. Мерекелік кеш барысында оқушылар ұстаздарға өз әндерін жолдап, билерін арнады.
https://www.instagram.com/reel/CjPNdSIqhqE/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/CjHT2O-KBXN/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/CjHifnrPPWk/?utm_source=ig_web_copy_link