Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектепте тіл апталығы өтіп, апталық барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы дәріптелді.
https://www.instagram.com/reel/CiJ7ftBtfsT/?utm_source=ig_web_copy_link
Мектеп кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, 6-сынып оқушыларының қатысуымен танымдық сағаты өтті. Танымдық сағат барысында кітапханашы Р.Мажитова оқушыларға қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі А.Байтұрсынұлының құрметіне Қазақстанның көшелері мен мектептері, тіл білімі институты, Қостанай қаласындағы университет аталды және көрнекті қайраткердің құрметіне мұражай үйі мен ескерткіші бар екенін атап көрсетті.


https://www.instagram.com/p/CiMzcOYriCc/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Байысов атындағы орта мектебінің 5 "б" сынып оқушылары Н.Алдабергеновтың мемориалды музейінде өткен танымдық тәрбие сағатына қатысты. Шара барысында көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, жазушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, еңбек жолы, шығармашылығы туралы мағлұматтар алды.


https://www.instagram.com/p/CiHy_gfsxEK/?utm_source=ig_web_copy_link
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Байысов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ляйля Ақылованың ұйымдастыруымен мектеп кітапханасында 5 сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы мағлұматтар айтылып, оқушылар өлеңдерін жатқа оқыды.
https://www.instagram.com/reel/CijQ0PeKIwb/?utm_source=ig_web_copy_link
Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жадыра Ермуханованың ұйымдастыруымен "Әліппенің атасы" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында 5 сынып оқушыларына Ахмет Байтұрсынұлының еліне сіңірген адал еңбегі айтылып, өмір белестері мен шығармашылығы туралы паш етілді. Оқушылар сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті. Сабақ соңында мектеп оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқыды.
https://www.instagram.com/reel/CijRj3oq0xQ/?utm_source=ig_web_copy_link
Тіл апталығы аясында мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Төлепбергенова Балаусаның ұйымдастыруымен 7 «б» сынып оқушылары арасында "Тіл - өнер шешендігі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
https://www.instagram.com/reel/Cib1o9POHep/?utm_source=ig_web_copy_link