Отбасы күніне орай атқарылған іс-шаралар
09.09.2022ж. отбасы күніне орай мектеп психологтарымен бірлесіп, 7,8,11 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша дөңгелек үстелі өтті. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Искакова ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жыл басынан оқушылардың мектепте ұялы телефонды пайдаланбауы, мектеп формасын күнделікті киюлері, жолда жүру қауіпсіздігі, сабақтан кешікпеулері және сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізуі жайында сөз өрбітті. Кешкі рейд, сабақ кестесі, үйірме мәселелері қозғалып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар мектеп психологы Р.Қалқабаева ата-аналармен психологиялық тренинг өткізіп, сауалнама жүргізді.
https://www.instagram.com/p/CiRoy3qNe8H/?igshid=YmMyMTA2M2Y=



https://www.instagram.com/p/CiRoy3qNe8H/?igshid=YmMyMTA2M2Y=