Қыздармен жұмыс
06.10.2022ж. Мектеп мәжіліс залында 7,8,9-сынып қыздары арасында жиналыс өтті. Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Искакова қыздардың киім үлгісіне, инабаттылығы, сыпайылығы, ізеттілігі, ақылдылығы, әдептілігі, мейірімділігі, сабырлы болуы, ұстамдылығы жайында сөз өрбітсе, мектеп психологтары Ә.Шағамбаева мен Р.Қалқабаева қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беріп, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақырды. Сонымен қатар, педагог-ұйымдастырушы А.Ахметқызы «Қызғалдақ» қыздар тобы мүшелерімен таныстырып, алдағы іс-шаралар тізбегін ұсынды.
https://www.instagram.com/p/CjXX28mLK1W/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

