Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 15 » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Наурыз – думан»
17
март
2022
«Наурыз – думан»
«Наурыз – думан» Наурыз мейрамына орай 1-сынып оқушылары ата-аналар мен мектеп ұстаздарына тәрбие сағатын ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті. 
"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы"
16
март
2022
"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы"
Наурыз мерекесіне орай 16 наурызда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында 8-9 сыныптар арасында "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты топтық сайыс ұйымдастырылды. Сайыста асық ату, қол күрес, арқан тартыс, теңге ілу сияқты ойындар ойнатылды. Қызыққа толы сайыста озық шыққан топтарға орындар беріліп, қатысқаны үшін арнайы марапатталды.Сонымен қатар «Телефонды таста, асық ойынын баста!» ұранымен 9 сынып оқушылары қоңырау уақытында асық ойынын ойнауды әдетке айналдырмақ.
Наурыз - жыл басы
16
март
2022
Наурыз - жыл басы
Қазақтың мейрамы - Наурыз туралы оқушыларға түсінік беру аясында 2"а" сынып оқушыларына мектеп кітапханашылары "Ұлттық дәстүр" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесін ұйымдастыра отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа өнерге баулу мақсатында оқушыларға теледидардан Наурыз көже қалай жасалатынын көрсетті.
«Кітап оқыған тиімді ме, әлде ғаламтор пайдалы ма»
15
март
2022
«Кітап оқыған тиімді ме, әлде ғаламтор пайдалы ма»
15 наурыз күні «Кітап оқыған тиімді ме, әлде ғаламтор пайдалы ма?» тақырыбында пікір-сайыс ұймдастырылды. Дебат мүшелері өз ойларын қорытындылап, пікір алмасты. Оқушылар зиянымен қажеттілігін толықтай дәлелдеп, бір тұжырымға келді. Дебат барысында оқушылар көптеген ой-пікірлерімен бөлісті. 
Қамқоршылық кеңес №4 хаттамасы
14
март
2022
Қамқоршылық кеңес №4 хаттамасы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО»КММ бойынша №3 Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы 12.03.2022 ж. Алдабергенов ауылы  Қатысқандар: 1. Мектеп директоры: Р.Темербеков 2. Директордың оқу-тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары- А.Самылтырова 3. Директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарлары-Ж.Искакова, Е.Ешмұханбет 4. Мектеп психологтары- А.Шагамбаева, Р.Қалқабаева. 5. Әлеуметтік педагог- А.Білісбекқызы 6. Кошкарбаева Рахима Дармешовна – Қамқоршылық Кеңес төрайымы 7.
"Жасөспірім"  жедел-профилактикалық шаралары
10
март
2022
"Жасөспірім" жедел-профилактикалық шаралары
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында жыныстық тиіспеушіліктің көбеюіне байланысты аудан көлемінде "Жасөспірім" жедел-профилактикалық шаралары аясында қылмыстың аталған түрінің орын алуына жол бермеу мақсатында 8-11сынып оқушыларымен мектеп инспекторлары М.Насыржанов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Е.Ешмұханбет, Ж.Искакова, мектеп психологы А.Шағамбаева мен Р.Қалқабаева және мектеп медбикесі А.Тәңірбергенованың қатысуымен кездесу ұйымдастырылып, ерте жүктілік, жыныстық қатынас,
8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні
05
март
2022
8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуы қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесіне орай Байысов атындағы орта мектепте мерекелік шара ұйымдастырылып, мектептегі барша ұстаздар қауымының оның ішінде нәзік жандылардың көңілдері нұрға, жүректері жырға бөленді.9-сынып оқушылары өткізген
Спорт – біздің серігіміз
03
март
2022
Спорт – біздің серігіміз
Байысов атындағы орта мектепте салауатты өмір салтын ауылда дамыту мақсатында әйелдер арасында «Спорт – біздің серігіміз» атты эстафеталық сайыс өтті. Нәзік жандылар арасында ұйымдастырылған спорттық жарысқа бес команда қатысты. Атап айтқанда, математика, информатика пән бірлестігінен құрылған «МИФ», бастауыштардан құрылған «Бес жұлдыз», ағылшын және орыс тілі пән мұғалімдері «Лингвист» қазақ тілі мен тарих бірлестігі «Жастар» биология, химия, өзін-өзі тану бірлестігінің «Позитив» және
1 Наурыз  - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
01
март
2022
1 Наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
1 Наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай мектепте төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған сейсможаттығу өткізілді. Жаттығулар барысында адам өмір бойы әр түрлі қауіп-қатерге кезігетіндігі, сол себепті өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға құқылы екендігі ескертіліп, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалу шаралары көрсетілді.