16
март
2022
"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы"


Наурыз мерекесіне орай 16 наурызда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында 8-9 сыныптар арасында "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" атты топтық сайыс ұйымдастырылды. Сайыста асық ату, қол күрес, арқан тартыс, теңге ілу сияқты ойындар ойнатылды. Қызыққа толы сайыста озық шыққан топтарға орындар беріліп, қатысқаны үшін арнайы марапатталды.Сонымен қатар «Телефонды таста, асық ойынын баста!» ұранымен 9 сынып оқушылары қоңырау уақытында асық ойынын ойнауды әдетке айналдырмақ.