«Тәуелсіз елім - тірегім»
«Тәуелсіз елім - тірегім»
Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту, болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту, Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында 14.12.2022ж. Ж.Қыдырбаева 3 «б» сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елім - тірегім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық - зомбылықтарды көргенін, қасірет шеккенін айтып, Қазақ жастары осы күндері қандай қиянат, қиындықтар көргенін жете түсіндірді.


