«Менің сүйікті ертегім » » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(7282) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Менің сүйікті ертегім »
18
апрель
2022

«Менің сүйікті ертегім »

       Балаларды жас кезінен кітап оқуға қызықтырып, баулу мақсатында 18 сәуір күні Байысов атындағы орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті ертегім» атты ертегі оқулары ұйымдастырылды. Әлем халқы ертегіге өте бай. Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаларды көз алдына елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты. Ол шығарманы терең, шығармашылық қызығушылықпен оқып шығуды талап етеді. Әрбір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық, яғни ертегі - адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Енді суретшілердің сан алуан ертегілерге жасаған көп иллюстрацияларының кейбіріне назар аударайық.                   
Еліміздің белгілі суретшілері ертегілерге иллюстрация жасауға да аянбай ат салысып келеді. Иллюстрация дегеніміз - ертегі мазмұнына арналып салынған сурет. Ертегіні балалар ес кіргеннен бастап тыңдап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып білуге баулиды. 
Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял- ғажайып ертегілер және тұрмыс –салт ертегілері. Балаларға «Хайуанаттар» туралы ертегілер ұнайтынын білдіріп, ертегілердің түрлерін біліп алды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив