12
апрель
2022
12 сәуір Ғарышкерлер күні
12 сәуір Ғарышкерлер күні

Осыған орай, бүгін физика пәнінің мұғалімі Айжан Рымбекова 7 "А" сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында «Ғарышқа саяхат» сабағын өткізді. Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейтіп, еліміздің мақтаныштары қазақ ғарышкерлерімен таныстыру мақсатында өткенсабақ «ой қозғау» әдісімен басталды. Оқушылар өз ойларымен бөлісті, ғарышкерлер туралы видео көрсетілді. Сонымен қатар, «Егер мен ғарышкер болсам...» ойыны ойнатылды. Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ барысында, мектеп кітапханашысы Гүлнар Оразбаева қызықты энциклопедияларын көрсетті.