Родителям арналған оқыту семинар-практикум
Күзгі демалыс уақытында отбасылық кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп кітапханашысы Г.Оразбаева 02.11.2022ж. «Балаға мағыналы оқуды үйренуге қалай көмектесуге болады?», «Оқу сауаттылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері», «Родителям көмек», «Родителям арналған оқыту» тақырыптарында ата-аналар арасында семинар-практикум өткізді. Семинар барысында кітапханашы Г.Оразбаева бүгінгі таңда кітаптың орнын теледидар, телефон, компьютерлік ойындар басып жатқанын басты назарға ала отырып, ата-аналарға баланың жұмыс істейтін үстелі қолайлы болуын, жұмыс үстелінде баланың көңілін алдандыратын артық зат болмауы қажеттігін, балаға қолайлы бұрыш жасап беру қажеттігін және ол жер кітап, қалам, қарындаштарын қоюға келетіндей кең болуы, оқулықтары мен сөздіктері оңай алынатын және жақын жерде болғаны жөн екендігі туралы кеңестер беріп, балада қағаз, дәптер және жазба жабдықтары жеткілікті болуына көп көңіл бөлу керегін атап өтті. Сонымен қатар, кітап оқу барысында ересектерге теледидарды қосуға болмайды деген қағиданы ұстануын, теледидар баланың сабақ оқуына кедергі келтіретініне мысал келтіріп, кешкі ас пен түстік бір уақытта болса балада нақты бағдар қалыптасатынын, ол барлық сабақты кешкі асқа дейін немесе кешкі астан кейін орындайтын дағдыға ие болатынын, сондай-ақ балаға дем беру үшін домжұмысының әр бөлігін орындаған сайын баланы қолдап отыруды ұмытпау керектігін ескертті. Адам ақпараттың 20%- ын көзімен, 70%-ын оқу арқылы қабылдайтынын алға тартып, балаға тек домтапсырмаларын орындау білімділікті қамтамасыз етпейтіндігін түсіндірулеріне шақырды. «Үштік одақ» әдісі аясында «Мектеп-ата-ана-бала» болып жан-жақты бірігіп балаларға кітап оқытуды қолға алуды, кітап жақсылыққа, әділдікке үйрететінін, айналадағы дүниенің әсемдігін ашып, өмірге деген сүйіспеншілікке, білім қуанышына баулитынын түсіндірді.
https://www.instagram.com/p/CkabOpUr4Fn/?igshid=YmMyMTA2M2Y%3D