14
март
2022
Попечительский совет №4 хаттамасы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО»КММ бойынша №3 Попечительский советінің хаттамасы
12.03.2022 ж. Алдабергенов ауылы
12.03.2022 ж. Алдабергенов ауылы
Қатысқандар:
1. Мектеп директоры: Р.Темербеков
2. Директордың оқу-тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары- А.Самылтырова
3. Директордың тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарлары-Ж.Искакова, Е.Ешмұханбет
4. Мектеп психологтары- А.Шагамбаева, Р.Қалқабаева.
5. Әлеуметтік педагог- А.Білісбекқызы
6. Кошкарбаева Рахима Дармешовна – Қамқоршылық Кеңес төрайымы
7. Арғынбаева Майра- Қамқоршылық Кеңесінің орынбасары
8. Қабылова Ажар Кудышевна - Қамқоршылық Кеңесінің хатшысы
9.Молдыбаева Фарида Моладахановна - Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі
9. Касымова Анесхан- Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі
10. Аязбаева Үміт Есенгельдиновна- Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі
11. Мамырова Динара Айдарбековна- Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі
Күн тәртібінде:
Жайсыз отасылармен жұмыс. Мектептегі құқықтық тәрбиенің деңгейі.
Жиналыс барысы:
Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша сөзді Е.Ешмұханбет алды. Өз сөзінде ол мектептегі құқықтық тәрбие жұмысы бойынша өткізілген іс-шаралар туралы айтты. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың көбеюіне тоқталды. Мектепте мектеп формасы мәселелеріне тоқталды. Бұл сұрақтарды ата-аналар комитеттері және қамқоршылық кеңес арқылы шешуге шақырды.
11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдарды дұрыс деңгейде беру, білім мен тәрбиені бірге алып жүру керектігін айтты. Мектеп психологтарының жұмысы туралы өз пікірін айтты.
Ж.Искакова жиналысты жалғастырды. Өз сөзінде ол тәрбие отбасынан басталады, үйдегі тәрбие оқу тәрбиесімен егіз екенін айтты. Ата-аналар көп жағдайда балалар тәрбиесіне дұрыс көңіл болмейтінін, бірақ осы үшін ата-аналарға жаза түрлері аз екендігін, ата-аналар жиналыстарына қатыспайтын ата-аналарды жазалау керектігін айтты. Ұстаз мамандығы - өте керемет мамандық, осы атты жоғары деңгейде ұстау ата-аналарға да байланысты екенін атап өтті.
Тәрбие бағытында мектеп психологтары жұмысының мәні зор. Мектеп психологтары үнемі өз білімдерін жетілдіріп отырады. Олар нақты жұмыс жоспарын құрып, жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіледі.
Балалармен жұмыс жүргізу бойынша серіктестіктер құру қажет. Аса назар қыздармен жүргізілетін жұмысқа аударылуда. Мектеп Уставына өзгерістер енгізу арқасында мектепке ұялы телефонды алып келуге тыйым салынуын қадағалауды ұсынды. Ұялы телефон мәселесін мектеп психологы Р.Қалқабаева жалғастырды. Қылмыстың көбі ұялы телефондармен байланысты. Ата-аналарды сабақтарға қатыстыру қажет деді.
Сөз жарысқа қатысқандар:
Қамқоршылық Кеңес төрайымы Р.Кошкарбаева мұғалімдер, ата-аналар тығыз жұмыс жасау керек деді. Әр жағдайды талқылап, саралау қажеттігін айтты.
Жиналыс қаулысы:
1. Тәрбие бағытында тиімді жүйелі жұмыс түрлері қарастырылсын.
2. Мектеп психологтарының жұмысы күшейтілсін.
3. Мектеппен ата-аналар ынтымақтастығы нығайтылсын.
Хатшы: А.Кабылова