Наркологиялық бекетінің жылдық жұмыс жоспары » Ескелді ауданы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(7282) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(7282) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » » Наркологиялық бекетінің жылдық жұмыс жоспары
18
октябрь
2021

Наркологиялық бекетінің жылдық жұмыс жоспары

Байысов атындағы орта мектебі бойынша 2021-2022 оқу жылындағы мектепішілік наркологиялық бекетінің жылдық жұмыс жоспары

Мақсаты: Жасөспірімдерді салауатты өмір салтының дағдыларына баулып, денсаулығына, адамгершілік қасиетіне, психологиялық тұрғыдан жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетін зиянды заттарды қолданудың алдын алуы бойынша іс-шаралар арқылы ұйымдастыру.
Міндеттері:
Салауатты өмір салтын насихаттауды  жетілдіру спорттық ойын түрлеріне тарту жұмыстарын  дамыту.
- Салауатты өмір салтының үлгілік - өнегелік тұрғыдағы мәнін түсіндіру.
- Зиянды әдеттерді қолданудың, пайдаланудың (шылым, арақ, есірткі, АҚТБ\ЖҚТБ) алдын алу жолдарын жетілдіру.
- Жасөспірімдерге есірткі, темекі, алкагольдің денсаулығына өлшеусіз зиян, орны толмас өкініші туғызатын түсіндіру.
- Күйзелісті  жағдайларда адамның ақылға жүгінуінің, өзін-өзі сабырға шақыруының маңызын ұғындыру.

Мероприятие мазмұныМерзіміЖауапты тұлға
1Денсаулық күніҚыркүйекСпорт нұсқаушысы
Спорт секторы

2Денсаулық бұрышы «Зианды әдеттердің алдын алуға арналған қабырға бұрышын жаңарту, толықтыруҚыркүйекМектеп медбикесі
3«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» тәрбие сағатыҚазанСынып жетекшілер
ДТІЖО

4Денсаулық күні. Спорттық ойындар.Күзгі демалысСпорт секторлары 
5Есірткі құмарлыққа бейім оқушыларды анықтау (сауалнама)
«Нашақорлық –ғасыр дерті» ашық тәрбие сағаты
Қараша Наркобекет құрамы
6Аудандық нарколог маманымен кездесу
«Есірткісіз болашақ» плакаттар сайысы
Желтоқсан  Мектеп медбикесі
Тәлімгер 

7«Нашақорлықтың алдын алу,салдары» тренинг
«Есірткі және есірткіқұмарлық деген не?» дәріс
Қаңтар«Жас Ұлан» ұйымы.
8«Біз салауатты өмір сүреміз!» спорт апталығы 
«Есірткі адамға қаншалықты зиян!» Ролик 
АқпанНаркобекет құрамы
Мектеп медбикесі

9«Мен құқық бұздым деп есептеймін бе?» ситуациялық жағдайлар жауабы сағаты
«Нашақор және қылмыс» баяндама 
НаурызПед.ұйымдастырушы
Мектеп инспекторы

10«СПИД ғасыр дерті» дөңгелек үстелСәуірСпорт секторы
11            «Нашақорлық-ғасыр дерті» баяндама
            «Жасөспірім және қоғам» ата-аналармен құқық қорғау органдары қызыметкерлерінің кездесуі
Мамыр ДТІЖО

наркологиялық бекеттің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Наркологиялық бекет- (бұдан әрі - наркобекет) білім алушыларды салауатты өмір салтының дағдыларына баулу үшін білім беру
 ұйымдарында кешенді түрде алдын алу жұмыстарын жүргізетін және қабілетті адамгершілік - психологиялық тұрғыдан жүйке жүйесіне кері
 әсер ететін құралдарды теріс пайдалануды болдырмауды қалыптастыратын қоғамдық орган болып табылады. Есірткі бекеті өзінің әрекетін жүзеге асыру үшін Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-шы Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қылмыспен және жемқорлықпен күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377, «Қазақстан Республикасында есірткімен және есірткі бизнесімен күресудің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекіту туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 жарлықтарын, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында есірткімен жэне есірткі бизнесімен күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» № 240 қаулысын, есірткі және есірткі бизнесімен күрестің өңірлік бағдарламаларын, Қазақстан Республикасы білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің нормативтік-құқықтық құжаттарын және осы ережені басшылыққа алады;  әдістемелік ұсынымдарды және әлеуметтік-келеңсіз құбылыстардың алдын алу жөніндегі әзірленімдерді пайдаланады; осы бағыттағы қызметтер бойынща ұйымдармен, кәсіпорындармен және мекемелермен өзара қарым-қатынас жасайды.
2. Наркобекеттің құрамына әлеуметтік педагог, білім беру ұйымдарының медициналық қызметкері, педагог-психолог, сынып жетекшілері, білім беру ұйымдарындағы өзін-өзі басқарудың өкілдері, ата-аналар қауымдастығы, жоғары сынып  окушылары мен дәрігер-нарколог (келісімі бойынша) енеді. Наркобекеттің қызметі мен құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
3. Наркобекеттің басшысы білім беру ұйымының әлеуметтік педагогы, ол болмаған жағдайда - білім беру ұйымының педагог-психологы, білім беру ұйымының медициналық қызметкері болып табылады.
4. Наркобекеттің төрағасы (төрайымы) білім беру ұйымының тәрбие жұмысы жөніндегі басшысының орынбасары болып табылады.
2. Наркобекеттің міндеттері
5. Наркобекет балалар-жас жеткіншектер және жас өспірімдер арасында жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдаланудың бастапқы алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асырады.
6. Жекелеген тәрбие жұмыстарын өткізу және аддитивті (тәуелді) мінез-құлықты, тәуелділікті қалыптастыруды жөнге келтіру арқылы оқушыларға арналған іс-шараларды іске асырады.
7. Ата-аналармен оқушылардың нашақорлығының оқиғалары туралы, осы проблема бойынша ішкі отбасылық бақылаудың жөнділігі, мінез-құлықтағы ауытқушылық белгілерінің табылғаны мен тәуелділік, отбасыдағы әлеуметтік-келеңсіз құбылыстардың алдын алу мен салауатты
 өмір салтын қалыптастыру туралы ақпараттандыруға бағытталған жұмыстарды жүргізеді.
8. Міңез-құлқында әр түрлі ауытқушылық белгілері бар және жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдалануға бейім «қауіп-қатер тобының» тұлғасын бастапқы айқындауды, олар туралы ата-аналарын, дәрігер-наркологты өз уақытында хабардар етуді, қосымша тексеруге жіберуді және педагогикалық шаралар қабылдауды жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық, нормативтік-құқыктық актілеріне сәйкес оқушылар мен ата-аналар арасында ақпараттық-ағартушылық жұмысты ұйымдастырады.
10. Оқушылардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады: спорттық секциялар, шығарма үйірмелері, интернет-секциялар, арт-лабораториялар, музыкалық секциялар, би секциялары.

 3. Наркобекеттің қызметі
11. Аддитивті (тәуелді) мінез-құлыққа бейім тұлғаларды айқындау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізеді (сауалнама, топтық, жекелеген жұмыс). «Қауіп-қатер тобындағы» тұлғаларды психологтың, дәрігер-наркологтың консультациялық қарауына жіберуді жүзеге асырады.
12. Школьникам, оның ішінде білім беру мекемесінде алдын алу есебіне алынғандарға жүйелі динамикалық бақылауды жүзеге асырады. Алдын алу есебінде белгіленген оқушылармен, олардың ата-аналарымен және сынып жетекшілерімен жекелеген тәрбие және оку жүмыстарын жүргізеді, сондай-ақ осы Ереженің №3 қосымшасына сәйкес құжаттамаларды жөнге келтіреді. Жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды пайдалануды алдын-ала аныктау және қауіп-қатер тобын жасақтау мақсатында оқушылардың диагностикалық жұмысын жүргізеді.
13. Наркобекеттің отырыстарында «қауіп-қатер тобының» жеткіншектерімен жұмыс туралы, оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар туралы, ата-аналармен жұмыс туралы сынып жетекшілерін (кураторларды) тыңдайды.
14. Оқу орнының барлық ұжымының алдын алу жұмыстарын жақсартуға бағытталған накты ескертулермен және ұсыныстармен оқу орнының әкімшілігіне шығады.
15. Сынып жетекшілеріне (кураторларға) оқушылар арасында әлеуметтік – келеңсіз құбылыстардың алдын алу жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді іріктеуді жасақтайды.
16. Оқушылар мен педагогтар, қоғамдағы әлеуметтік - келеңсіз құбылыстардың алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысуға тілек білдіргендер арасынан еріктілердің (волонтерлердің) мәліметтер базасын жасайды.
17. Наркобекеттің жұмыс жоспарына сәйкес жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдаланудың алғашқы алдын алу жөнінде оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға арналған іс-шаралар өткізеді.
18. Сынып жетекшілерінің мәлімдемелері бойынша санитарлық-ағарту жұмысына денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет және басқа да мүдделі жақтардың мамандарын тартады.
19. Балалардың және жас жеткіншектердің құқықтарын және денсаулықтарын қорғау мақсатында проблемалы отбасыларға шара қолдану жөнінде тиісті ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге жүгінеді.
20. Наркобекеттің мүшелері қолданыстағы заңнамамен анықталған қызметтік, сондай-ақ басқа да құпияларды құрайтын мәліметтердің құпиялылығын сактауға міндетті.
21. Мыналар:
1) есірткіге тәуелділіктің таралуына қарсы әрекет мәселелері бойынша белсенді әлеуметтік ұстанымды иеленетін оқушыларды, қызметкерлерді;
2) балаларды салауатты өмір салты рухында, психологиялық денсаулықты - есірткіге қарсы орнықтылықты қалыптастыруға тәрбиелейтін отбасыларды ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізеді.
22. Наркобекеттің отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде 1 рет өткізіледі.
4. Наркобекет қызметінің есептілігі және есепке алуы
23. Білім беру ұйымының наркобекеті тұракты негізде білім беру ұйымының әкімшілігіне есепті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив