Жоба «Құзіретті мұғалім – білімді ұрпақ»
«Ескелді ауданы әкімдігінің Байысов атындағы орта мектебі МДШО»
Бекітемін:
Мектеп директоры М.А Н.Н.Нурсеитов
«Құзіретті мұғалім – білімді ұрпақ»
(жобасының жоспары )
Мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
Н.Н.Нурсеитов
«Құзіретті мұғалім – білімді ұрпақ»
жобасының
ЖОСПАРЫ
р/с | Іс-шаралар | Мақсаты | Күтілетін нәтижесі | уақыты | жауапты | |
Ұйымдастыру | ||||||
1 | Жобаны талқылау | Жобаны орындау мақсатында аталған сыныптарға сабақ береті мұғалімдерден, әлеуметтік педагог, психолог, деңгейлік бағдарлама курсын аяқтаған мұғалімдерден құрылған «Кристалл» тобының тапсырмаларын айқындау | Жобаға қатысушылар тобының міндеттері мен мақсаттары белгіленеді. | Қыркүйек 2020 | Жобаға қатысушы мұғалімдер; «Кристалл». | |
2 | Мектеп ұжымын ЖОБАМЕН таныстыру/әдістемелік кеңес/ | Өткенде алынған сaуaлнaмa сaрaптамaсымен, ЖОБАМЕН тaныстыру | Жобаның алға қойылған міндеттерімен танысады | Қаңтар 2021 | Н.Н.Нурсеитов | |
3 | Алынған жобаның негізгі түйінін түсіндіру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізу | Жобаны түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді қалыптастыру | 5-9сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер сабақ барысында бағыттаушы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз бағалау жүргіледі | Жоба барысында | Н.Н.Нурсеитов | |
4 | Жоба кезеңінде атқарылғaн жұмыcтардың фото, видео материалдарын жинақтау, қор жасау | Жобаға қатысушылар командасының жұмыс aясын кeңейту, бағдaрлама идeясын нaсихаттау | Жоба кеңістігі кeңейеді | Жыл бойы | логопед | |
Тәлімгерлік үдерістер | ||||||
1 | Тәлімгерлік жұмысы | бөлінген көшбасшылық жұмысын жалғастыру,тәлім алушылардың кәсіби біліктілігін дамыту, сенім білдіру | бөлінген көшбасшылық жұмысы жақсарады | үнемі | С.Абилова | |
2 | «Ағылшын тілі қашықтықта оқыту» | Жас маманмен тәлімгер арасындағы қарым – қатынасты нығайту | Ақпан 2021 | Таженова Қ.Е. | ||
3 | Зерттеуші ұстаз Ердененова М.Д-ның тәлімгерлік жұмысы | Жас маманмен тәлімгер арасындағы қарым – қатынасты нығайту | Жас маманның тәжірибе жинақтауы | Жоспарға сай | Н.Н.Нурсеитов | |
«Математикадан білім сапасын арттыру» ЖОБАСЫ | ||||||
1 | Жұмыс бағыттарымен таныстыру | «Математика» пәні бойынша білім сапасын көтеру, функционалдық сауаттылықты дамыту. | Мұғалімдердің құзіреттілігі артады | 01.09. 2021 | Матеатика пән бірлестігі | |
2 | Қосымша сабақтар (викторина, олимпиадалар, жарыстар) | Оқушылардың білім сапасын арттыру | Білім сапасы жоғарлайды | Жыл бойы | Матеатика пән бірлестігі | |
3 | Өтілген сабақтардың мониторингісін жасау | Білім сапасының көтерілу шкаласымен танысу | «Жылдың үздік математигі» жеңімпазы анықталады | Әр айдың соңында | Матеатика пән бірлестігі | |
Ата-аналармен жұмыс | ||||||
1 | «Табысты мектеп-мінсіз оқушы» жиналыс | Оқытудың жаңа әдістеріне және олардың оқушы дербестігін, жауапкершілігін, өзін-өзі реттеудің, ізденушілік қабілетін дамытудың маңыздылығын түсіндіру | Ата-аналардың мектептегі оқу үрдісіне деген көзқарастары өзгереді | Қыркүйек | Н.Н.Нурсеитов | |
2 | «Жаңартылған бағдарлама мазмұнын енгізу туралы» «Білім беру бағытында жаңартылған бағдарлама мазмұнын енгізуге» ата-аналардың көзқарасы. | Мектеп оқушыларының ата-аналарына білім беру бағытында жаңартылған бағдарлама мазмұны туралы түсінік беру | ата-аналар білім беру бағытындағы жаңартылған бағдарлама туралы мағлұмат алады | қыркүйек | Н.Н.Нурсеитов | |
2021 – 2022 оқу жылына | ||||||
1 | 2021 – 2022 оқу жылына ағылшын тілі пән бірлестігінің жоба жұмысын айқындау «Speaking club» жобасын жоспарлау | Оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне жол ашу, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру | Ағылшын тілінде еркін сөйлей алады | 2022 мамыр | Ағылшын тілі пәні бірлестігі | |
2 | «Speaking club» Сабақтан тыс уақытта дебаттар, сұрақ – жауап, ағылшын тілінде кітап оқыту | оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. | Кітап мазмұны мен идеясы арқылы оқушылардың тіл байлығы дамиды. Сыни ойлау дағдысы дамиды. Топтық жұмыс арқылы және Диалогтық оқыту арқылы Көркем сөйлеу тілін,ойын,шығармашылық қиялын ұштай түсу. Мәтін мазмұны бойынша талдау арқылы шығармашылық қабілеттерін ұштау. | Жыл бойы | 8 – 10 сынып оқушылары Ағылшын тілі пән бірлестігі | |
Ақпараттандыру- таратушылық | ||||||
1 | Әлеуметтік желіде жариялау. Желілер, кәсіби педагогикалық қоғамдастықтың жұмысы туралы | Педагогикалық қоғамдастық мүшелерін ынталандыру | Қызығушылығы артады | Жыл бойы | Редакциялық кеңес | |
Орындаған Н.Нұрсеитов 87013627530
77778286891
P.S. Пандемияға байланысты жобаға өзгерістер енуі мүмкін
Байысов атындағы орта мектебі «Құзіретті мұғалім – білімді ұрпақ» жобасы:
Қоғамның сұранысын қанағаттандыру мұғалімнен жоғары мәдени адами құндылықтар мен сенімдердің қалыптасқан жүйесін, кәсіби белсенділік пен өзін- өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысты талап етеді. Осыған байланысты мұғалім тұлғасын үнемі шыңдап отыру қажет. Міне, біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі міндеті осыдан туындайды: ол маманның кәсіби құзіреттілігін тұлғалық қасиеттерімен үйлесімді дамыту болып табылады. Еркін әрі белсенді ойлауға, оқу тәрбие үрдісін моделдеуге, жаңа идеяларды өзі туындата білуі қажет.
Мұғалімнің кәсіби - тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктер де енеді. Мұның бәрі тұтаса келе, педагогтің тұлғасын дамытады, қалыптастырады, ол қызметінде, яғни, практикада өзін - өзі дамыту мен өзін - өзі жүзеге асыру тәсілдерін игереді.
Жобаны құрудағы негізгі мақсаты: кәсіби құзіретті мұғалім болу, оқу тәрбие жұмысы барысында шығармашыл оқушыны қалыптастыруға жағымды ықпал ету, өзінің кәсібінде үздік нәтижелерге қол жеткізе алу, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алу, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, критериалды ойлауы дамыған тұлға тәрбиелеу
Күтілітін нәтиже: кәсіби құзіретті дамыған мұғалім, критериалды ойлап, өз ойын жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті, функционалды сауаттылығы дамыған,білімді ұрпақ
Жұмыстың бастамасы деңгейлік курс, ұзақ мерзімді курстан өткен мұғалімдер тізімі құрылып,база жинақталды. Мұғалімдердің құзіреттілік деңгейін анықтау мақсатымен сауалнамасы : АКТ құзыреттілік деңгейін анықтау үшін информатика пәні мұғалімі, педагог – зерттеуші Жанаева А.А мен мұғалімдердің жалпы педагогикалық құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатымен мектеп әдіскері сауалнама жүргізді. Осы сауалнама нәтижесі бойынша жоба жоспары анықталды.
Мектептегі біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша курстан өткен мұғалімдерінің деректер базасы жинақталып гугл дискке салынды.
Кәсіби қауымдастықтар жұмысын ұйымдастыру үшін әдістемелік кеңестің шешімі негізінде кәсіби қауымдастық үйлестірушілері тағайындалды.Қоғамдық гуманитарлық пәндердің жетекшісі 3 - ші деңгейді бітірген орыс тіл пәні мұғалімі Байтурбаева А.Б ; Жаратылыстану – математикалық пәндердің жетекшісі 2 - деңгейлі мұғалім,мектеп тренері Абилова С.А; бастауыш білім беру пәндерінің жетекшісі 1 деңгейлі мұғалім Қыдырбаева Ж.Т. ; Мектеп үйлестірушісі болып мектеп тренері Абилова С.А тағайындалды.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің қатысуымен іс- шараларды жоспарланды.
- 1 деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі Молбаева М.М «Сабақты зерттеу(Lesson study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытудың тиімді құралы» тақырыбына коучинг жүргізді.
- Lesson study бейімділік бойынша сыныпта жоспарланған,еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысты қашықтықтан оқығандықтан оқушылар іске аспады.Онлайн түрінде жүргізгенде интернет желісі нашарлығынан жүргізілмеді.
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – білім беру сапасын көтеруді қамтамасыз етудің факторы тақырыбымен әдістемелік күн өткізілді. Сонымен қатар желілік мектептерде қатыстырылды.
«Жұптық жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалау» тақырыбында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің меңгерушісі, 1 –деңгейлі мұғалім Қыдырбаева Ж.Т өткізді (ZOOM)
«Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында 3 – деңгей қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі түсіндірме сабаған көрсетті(ZOOM)
«Google ұсынып отырған бағдарламалар» тақырыбында 2 – деңгейлі, педагаог – шебер, қазақ тілі пәні мұғалімі Шарипкулова К.А. жұмысын ұсынды.
«11 – сыныпта ағылшын тілін қашықтықта оқыту» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Таженова К.Е. онлайн форматта түсіндіріп кетті.
Қорытынды :
- Келер оқу жылына жоспар бойынша осы жобаны жалғастыру
- Әлсіз,кем жерлерін түзету,жетілдіру:
- Lesson study
- Тәлімгерлік ментор-менти жұмысын қолға алу
- үштілділік оқыту бойынша жоспарға толықтыру енгізу