10
ноябрь
2022
«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік
«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндік
«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық онкүндікті ұйымдастыру жоспары бойынша 10.11.2022ж мектеп мәжіліс залында «Бақытты ана – бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында көпбалалы аналармен, ата-аналар қауымдастығымен кездесу өтті. Кездесу барысында мектеп директоры Р.Темербеков ата-аналарды бала құқықтары туралы конвенциямен таныстырса, әлеуметтік педагог А.Блисбек неке және отбасы туралы жалпы ережелер мен заңдарын атап өтті. Сонымен қатар аудан тарапынан көпбалалы отбасына әлеуметтік көмек берілетіні жөнінде хабардар етіп, қажетті құжаттарды уақытылы өткізулерін ескертті.


