Волейбол жарысы
Ағымдағы жылы қазан айының 13-14 аралығында Ескелді ауданы, Байысов атындағы орта мектебінде Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 25 қазан-Республика күніне орай оқушылар арасында волейбол ойынын насихаттау, аталған спорт түрімен жүйелі түрде айналысуларына жол ашу, ойыншылардың деңгейін анықтау, аудандық жарыстарға құрама жасақтау және мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 9,10,11 сынып оқушылары арасында 6 команда құрылып, ІІ кезеңдік волейбол жарысы ұйымдастырылды. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетіп, мектеп базасында өткен жарыс екі күнге созылды. Нәтижесінде ІІІ-орын 10 "а" сыныбының командасы, ІІ-орын 10 "ә" сыныбы иеленсе, І-орынды 11 "ә" сыныбынан құрылған команда қанжығалап, орын алған командалар дипломдармен марапатталды.


