29
октябрь
2021
«Мектепке жол» акциясы
«Мектепке жол» акциясы
2021-2022 оқу жылының басында жасалған әлеуметтік паспорт аясында мектепте атаулы әлеуметтік көмек алатын 80 оқушы 48 отбасы, 48 аз камтылған оқушы анықталды. “Атамекен” порталына тіркелген 21 оқушыға мектепке құрал-жабдықтар, жылы киімдер алынып берілді. Демеушілер тарапынан 10 оқушыға аяқ киім алынды.
Жоспар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 78 оқушыға «Мектепке жол» акциясы бойынша оқу құралдары берілді. Үйлеріне тұрмыстық жағдайын тексеру актісі жасалып, Жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақ тізіміне өтініштері қабылданып, 77 оқушы қосылды. 20 аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар жалға алушы есебінен тамақтануда.
Аз қамтылған отбасына көмек акциясы бойынша спонсорлық көмек ретінде Азизов Садвали Курбанұлы үйде оқитын оқушыға сырт киім алып берді.
29.10.2021 жылы Қамқоршылар күніне орай бейнеролик әзірленіп, мектеп ішінен қамқоршы ананың аудан орталығында өткен іс-шараға қатысуы қамтамасыз етілді.
Іс-шара барысында қамқоршы марапатталып, білім бөлімі тарапынан алғыс хат табысталды.

Теги:
«Мектепке жол» акциясы