21
апрель
2022
«Деструктивті діни ағым жақтастарының психологиялық портреті»
«Деструктивті діни ағым жақтастарының психологиялық портреті»
21.04.2022 жылы Ұлттық құндылықтармен біте қайнасқан дініміз бен дәстүрлі емес діндердің айырмашылықтарын түсіндіру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Искакованың ұйымдастыруымен мектеп мәжіліс залында 7,8,9,10-сынып оқушылары арасында Жетісу облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ескелді ауданына қарасты теолог маманы Бөкей Дүйсен және Ескелді ауданының бас имамы Ордабай Мұхаммедтің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында теолог Бөкей Дүйсен «Деструктивті діни ағым жақтастарының психологиялық портреті» тақырыбында жат ағым өкілдерінің пайда болу және мақсаты жайында слайд көрсетіп, жастарды деструктивті ағымдардан сақ болуға шақырса, бас имам М.Ордабай жас буынға білім алудың маңыздылығы, ұстазды құрметтеу, жаман әдеттерден аулақ болу, ғаламтор құрбанына айналудың негізгі себептері, олардан сақтану жолдары туралы айтып өтті. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап берілді.


