02
сентябрь
2021
Кітапхана кеңес мұшелерімен ақылдаса отырып, оқырмандарға кітап оқуды ұсындық
Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Мектеп кітапханасы-мектептің жүрегі, бір бөлігі. Бүгінгі шәкірт- ертеңгі ел тұтқасы. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуы ең басты мәселе. Кітапхана оқушылардың сапалы білімінің кепілі. Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне бұқаралақ ақпарат құралдарының еркін енуін жүктеп отыр. Мектеп кітапханалары шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік шараларды өткізуде мұғалімдердің бірден-бір серігіне айналуда.