15
февраль
2022
"Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!"

15 ақпан күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен Жауынгер ағаларымыздың ерлікке толы өмірлерін үлгі тұту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында "Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты кітап көрмесі бойынша 8 «а» сынып оқушылары арасында іс шара өтті. Шара барысында оқушылар жауынгерлердің өмірбаяндары мен ерліктері туралы өнегелі мәліметтер алды.