«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
11.02.2022 ж. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік аясында Байысов атындағы орта мектебі кітапханашыларының ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті. Іс шараның негізгі мақсаты оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, шара барысында оқушыларға махаббатты бағалай білу және жақсылық жасау игі қасиеттер екені айтылды.