«Жас ұлан, Жас қыран»
30.11.2021ж. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Мәжіліс залында оқушыларды «Жас ұлан, Жас қыран» жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Мерекелі кешке ауыл әкімі Ж. Садырбаев қатысып, ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды мерекелерімен құттықтады. Кеш барысында «Жас қырандарға» төсбелгілер мен галстук тағылып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған әндер шырқалды.