18
ноябрь
2021
Қиын балалармен жұмыс
18.11.2021ж. Байысов орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтың алдын алу мақсатында іс шара ұйымдастырылды. Жиын барысында аталмыш мектептің психолог маманы А.Шағамбаева жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, зорлық зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сонымен қатар, аудандық кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер бөлімінің ЮПТ инспекторы, полиция аға лейтенанты М.Нәсіржанов, мектеп инспекторы, полиция капитаны І.Омарбаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Ешмұханбет оқушылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.
Мектеп ішінде оқушылар арасында туындаған келеңсіз жағдайлар мен құқықбұзушылық, бопсалау, әлімжеттіліктің алдын алу мәселелері бойынша әр оқушымен жеке тәрбие жұмыстары жүргізіліп, психологиялық қолдау көрсетілді.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер ұйымдастырылып, мектеп психологы А.Шағамбаеваның жетекшілігімен 9 «б»-сынып оқушылары Казаринова Кристина, Казаринова Карина, Дубова Любовь қоғамдық шараларға қатысып, белсене атсалысып, өз қызығушылықтарын арттырды.