01
март
2022
Алғыс айту парызым
Алғыс айту күніне орай мектеп оқушылары арасында «Алғыс айту парызым» атты тәрбие сағаттары өткізіліп, бейнефильмдер әзірленді.Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз. Ендеше, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мектеп психологтарының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында тренинг өтті. Шара барысында мектеп ұстаздары бір-біріне жылы сөздер айтып, мерекемен құттықтады. Мектеп психологтары қағазға жазылған ақ тілектер таратып, әр күніміз тәтті болсын деген ниетпен тәттілер ұсынды.
Теги:
Алғыс айту парызым